Близость слов: Окончание:





«Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 5 қыркүйектегі № 9516 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын (бұдан әрі - жоба) қарап, мынадай ұсыныстар мен ескертулерді жолдаймыз.
Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) рельстік көлік құралдарын пайдалану, оның ішінде инфрақұрылым объектілерін, құрылыстарды, жылжымалы құрамды және арнайы жылжымалы құрамды жөндеу тәртібін белгілеуге тиіс. Осыған байланысты, Қағидаларға «Трамвайды техникалық пайдалану тәртібі» бөлімі бойынша мынадай тарауларды қосуды ұсынамыз:
1. Вагондардың бағыттағы қозғалысын реттеу.
2. Түрлендіргіш электрлік тарту кіші станциялары.
3. Құрылыстар және сигнализация құрылғылары.
Басқарма мүшесі –  Басқарма Төрағасының орынбасары Г. Курбанбаева
2014 жылғы «___» тамыздағы № ____ хатқа қосымша
Рельстік көліктік құралдарын техникалық эксплуатация ережлерінде (бұдан әрі - Жоба), мынадай ұсыныстар мен ескертулерді енгізуге ұсынамыз.  
Жақшаның ешінде КАПГЭТ-тің алағышқы рет ұсынған жобасына сәйкес номер көрсетілген.
1. Жобаның 166-тармағынан кейін мынадай редакциядағы 4 жана тармақтарды жазуды ұсынамыз:
«166-1. (349.) Трамвай көлігін пайдалануға байланысты рельс көліктік құралдар (бұдан әрі- РКҚ) ұйымының (кәсіпорынның) әрбір қызметкерінің осы Қағидаға, техникалық қауіпсіздік, өртке қарсы қауіпсіздік ережелеріне, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулық және ішкі еңбек тәртібі бойынша білім алады және аттестаттаудан өтеді.  
166-2. (350.) Осы Қағидаларды білуін жүйелі тексеру үшін РКҚ ұйымында комиссия құрылады. Кәсіпорынның басшысы, оның орынбасары, РКҚ ұйымының бас инженері және құрылымдық бөлімшелердің басшылары Комиссия төрағасы бола алады.
166-3. (351.) Кәсіп тізбесі, білімін тексеруді қажет ететін жұмыс, тексеру кезеңділігі және емтихан алушы комиссияның құрамын РКҚ ұйымының басшысы бекітеді.  
Полная версия
ИС BestProfi