Близость слов: Окончание:





«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» бұйрық жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 5 қыркүйектегі № 9521 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің бұйрық жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
«Озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озонды бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру» регламенті (бұдан әрі – Регламент жобасы) бойынша.  
Регламент жобасының 5-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұнына, оның орындалу ұзақтығына көрсетілетін қызметті беруші басшылығының екі сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысуы және қарар жазуы, көрсетілетін қызметті берушінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысына құжаттарды беру кіреді.
Сонымен қатар, регламент жобасында ұсынылған құжаттарды тексеру және олардың толықтылығы реттелмеген. Сондай-ақ, ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда, өтінішті одан әрі қарау туралы дәлелді жауап беру мерзімі белгіленбеген. Бұдан басқа, регламент жобасының бекітілген стандартында талаптарға сәйкестігі туралы талап етілетін ақпараттың айтарлықтай көлемді тізбесін қамтитын мәліметтер нысаны белгіленгендігін атап өту қажет.  
Осыған байланысты, регламент жобасының 5-тармағында жоғарыда көрсетілген ескертулерді ескеру қажет.  
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-тармағына сәйкес сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, мемлекеттік орган жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігіне сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді.
Полная версия
ИС BestProfi