2014 жылғы 7 тамыздағы № 3-05-2/1900-И хатқа қатысты
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 9632 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі - ББДМБ) қарап, келесіні хабарлаймыз.
ББДМБ-нің «Міндеттерге қол жеткізу мынадай көрсеткіштермен өлшенетін болады:» деген кіші бөлімінің кестесінде:
1) жиырма тоғызыншы жолда бірлесіп орындаушы ретінде ҰКП-ні қосуды ұсынамыз;
«Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес отызыншы жолда «Атамекен» Одағы» деген сөздерді ҰКП деген сөзбен ауыстыру қажет.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы шеңберінде қазіргі уақытта дуалды оқыту ұғымы енгізіледі, бұл мәселе ВАК-нің 327 отырысында мақұлданды. Бұдан басқа, «Бизнесті қолдаудың бірінші кезектегі шараларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 мамырдағы №471 қаулысының 15-тармағында дуалды оқыту картасын әзірлеу бойынша тапсырма берілді.
Осыған байланысты, «Техникалық және кәсіптік білім» деген кіші бөлімінде «Техникалық және кәсіптік білімнің құрылымы мен мазмұнын экономиканың индустриялық-инновациялық дамуының сұраныстарын ескере отырып жаңарту» тарауының жетінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«Студенттердің практикалық дағдыларын дамыту үшін оқу жоспарларындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мамандарын даярлау барысында кәсіптік практиканың үлесі 70 %-ға дейін ұлғаятын болады. Бұл үшін практика базасы дуалды білім беру жүйесін енгізу жолымен жұмыс берушілермен әріптестік есебінен кеңейтіледі».
Сонымен қатар, осы міндеттерге қол жеткізу үшін орындаушылар атауын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 6 тамыздағы қайта ұйымдастырылуына сәйкес көрсетуді ұсынамыз.
Сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жіберуді сұраймыз.
Басқарма мүшесі Н. Әлтаев
Полная версия