Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 9821 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткiзу пункттерінің және Қазақстан Республикасының аумағындағы стационарлық көлiктiк бақылау бекеттерінің тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 697 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) қарап, Жобаның 1-тармағының 4-абзацындағы кестеден:
«1. Еркін Алматы Алматы - Өскемен, 270 шақырым» деген жолды алып тастауды ұсынамыз.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2014 жылғы 22 қаңтардағы ақпаратына сәйкес «Еркін» стационарлық көліктік бақылау бекетінің жұмысы тоқтатылған болатын. Бұл соңғы екі жыл ішінде тасымалдаушылар тарапынан шағымдар түсуінің жиіленуіне және бекеттің төмен тиімділігіне байланысты тоқтатылған 11-ші пост.  
Сонымен қатар 2014 жылдың басында Қазақстан Республикасында 13 электронды тараз іске қосылған болатын, ағымдағы 2014 жылы тағы 18 тараз іске қосылады, алдағы уақытта олардың саны 80-ге жетеді. Осы автоматтандырылған жүйелер басты проблеманы шешеді – бақылау процесінен адами факторды алып тастайды. Ал көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және айналып өту фактілеріне жол бермеу мақсатында 2010-2013 жылдар аралығында мемлекет 32 жылжымалы көліктік бақылау бекетін сатып алды.  
Басқарма мүшесі – Басқарма Төрағасының орынбасары Ж. Ертлесова
Полная версия
ИС BestProfi