Близость слов: Окончание:





«Акционері (қатысушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын мемлекет бақылауындағы акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметін жоспарлау, сондай-ақ аталған акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) даму жоспарларының іске асыру мониторингі және оны бағалау, қызметінің нәтижелері мен есептерін тыңдау және ұсыну Қағидаларын бекіту туралы» қаулы жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 9685 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Акционері (қатысушысы) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылатын мемлекет бақылауындағы акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қызметін жоспарлау, сондай-ақ аталған акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) даму жоспарларының іске асыру мониторингі және оны бағалау, қызметінің нәтижелері мен есептерін тыңдау және ұсыну Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулысының жобасын (бұдан әрі – Қағида жобасы) қарап, келесіні хабарлаймыз.
Қағида жобасын мемлекет бақылауындағы акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, құпия ақпараттарын қоспағанда, даму жоспарларын және олардың орындалуы туралы есеп берулерін ашық қолжетімділікте жариялауға қатысты тармақпен толықтыруды ұсынамыз. Қағида жобасының 21-тармағының 1-тармақшасына сәйкес ұйымның атқарушы органы Тізілімге қосу үшін бірыңғай операторға электрондық есепті жолдайды. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардың Тізіліміне қол жетімділік шектеулі болып табылатындығына назар аударамыз. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі № 442 қаулысымен бекітілген Тізілімді жүргізу Қағидаларына сәйкес мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, атап айтқанда мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдарға Тізілімнің веб-порталының кеңейтілген фнукционалы пайдалануға ұсынылады.
Тізілімдегі даму жоспарларына шектеулі қолжетімділік нәтижесінде, үйымдардың даму жоспарларын олардың ресми веб-порталдарында жариялауды ұсынамыз. Бүгінгі таңда Ұлттық Банктің 14 ведомстволық бағынысты ұйымдардың және еншілес кәсіпорындарының сайттарына жүргізілген талдау даму жоспарлары мен орындау бойынша есептерін жариялау практикасының жоқ екендігін көрсетті.
Басқарма мүшесі – Басқарма Төрағасының орынбасары Ж. Ертлесова
Полная версия
ИС BestProfi