26.08.2014 жылғы № 15-3/1750 хатқа
«Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы» бұйрық жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 9686 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрық жобасын (бұдан әрі – Жоба) қарап, мынаны хабарлаймыз.
Жол жүрудің анағұрлым қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ кәсіпкерлер тарапынан артық қаржы шығындарын болдырмау үшін Жобаның Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесінде:
реттік нөмірі 8-жолды алып тастауды;
реттік нөмірі 11-жолдағы «Саны» деген бағанда «1» деген цифрды «5» деген цифрмен ауыстыруды;
реттік нөмірі 14-жолдағы «Атауы (ХПА)» деген бағанда «зарарсыздандырылған» деген сөзді «зарарсыздандырылмаған» деген сөзбен ауыстыруды;
реттік нөмірі 15-жолдағы «Атауы (ХПА)» деген бағанда «басы өтпейтін» деген сөздерді алып тастауды ұсынамыз;
«Автомобильдегі алғашқы медициналық көмек қобдишасының дәрілік заттары мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының тізбесі» деген бөлімді мынадай мазмұндағы жолмен толықтыруды ұсынамыз: «16. Саны 5 дана бір жастықшасы бар таңу пакеті».
«Жеке кәсiпкерлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттiк орган сараптамалық қорытындымен келiспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келiспеу себептерiнің негiздемесі бар жауап жiбередi.
Басқарма мүшесі Е. Никитинская
Полная версия

