2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі «Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № 406 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 04.01.2021
Тамақ концентраттарын өндіру бойынша қызметтегі кәсіби стандартты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20/33 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 21 мамырда № 9449 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 4 қантардан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.12.2020 жылғы № 393 Бұйрығына сәйкес
2. Қайта өңдеу және аграрлық азық-түлік нарығы департаменті (А.Б.Құсайынова) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен кәсіби стандартты енгізуге шаралар қабылдасын.
3. Әлеуметтік саясат басқармасы (С.С. Лепешко) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әлеуметтік саясат басқармасына (С.С. Лепешко) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Келісілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова ___________ 2014 жылғы 7 сәуір
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20/33 бұйрығымен бекітілген
Тамақ концентраттарын өндіру бойынша қызметтегі кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Тамақ концентраттарын өндіру бойынша қызметтегі кәсіби стандарт (бұдан әрі - КС):
1) кәсіби білім беру мен еңбек салалары арасындағы қарым-қатынасты реттеуге;
2) кәсіби қайта даярлау мен біліктілігін көтеруді дайындау бағдарламаларын әзірлеу талаптарының мерзімін белгілеуге;
3) аттестациялау мен сертификаттауда қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау талаптарының мерзімін белгілеуге;
4) кәсіби қызметтің мәніне бірыңғай талаптар әзірлеуге, еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға;
5) персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге;
6) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
7) кәсіби даярлығын бағалаудан өткізу және мамандар біліктіліктерінің сәйкестіктерін растауға арналған.
Полная версия

