Близость слов: Окончание:





«Өңірлік электр желілік компанияларын қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 3 наурыздағы № 49-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Өңірлік электр желілік компанияларын қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 3 наурыздағы № 49-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабы 2) тармақшасына және 13-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:  
1. «Өңірлік электр желілік компанияларын қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 3 наурыздағы № 49-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9296 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі 16.04.2014 ж. жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өңірлік электр желілік компанияларды қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Нормативтік санды бекітуге арналған өтінімге:
1) ұсынылатын материалдардың тізбесімен Субъектінің ресми бланкісіндегі ілеспе хат;
2) нормативтік санның есебін негіздейтін материалдар (нормативтік санды анықтауға қажетті есептер, реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетуге байланысты жабдықтың тізбесі және оның сипаттамалары);
3) осы Қағидаларға қосымшаға  сәйкес нысан бойынша, оның ішінде электронды түрде жасалған филиалдар, өкілдіктер және (немесе) Субъектінің құрылымдық бөлімшелері және персоналдың (өндірістік персоналдың, әкімшілік персоналдың, сондай-ақ шаруашылықтар мен өндірістерде қызмет көрсетумен айналысатын персоналдың) санаттары бойынша өткен жылғы, сондай-ақ ағымдағы кезең және өткен бес жыл ішінде қызметкерлердің нормативтік саны және өткен кезеңге бұрын бекітілген нормативтік саны деректерінің жиынтық кестесі;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 166-ө бұйрығымен бекітілген Тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдарының еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді бекіту, ауыстыру және қайта қарау ережесінде  көзделген тәртіппен бекітілген және келісілген нормативтік сан есептерінің негізінде қабылданатын санның үлгі нормативтері;
5) «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына  сәйкес бекітілген ағымдағы жыл және өткен бес жыл ішіндегі (1-т нысаны) еңбек жөніндегі есеп қоса беріледі. Жаңадан құрылған Субъектілер үшін - Субъектінің заңды тұлға ретінде құрылған сәтінен бастап жұмыс кезеңіндегі еңбек жөніндегі есебі.»;
Өңірлік электр желілік компанияларды қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту қағидасына қосымшада «Алдағы 2 жылға» сөздері «Алдағы 5 жылға» сөздеріне ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Стратегиялық жоспарлау, жиынтық талдау және халықаралық ынтымақтастық департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.  
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Әкімшілік жұмысы департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Заң департаментіне ұсынсын;
2) оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін;
3) күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге ресми жариялануы үшін қағаз және электрондық жеткізгіштегі көшірмесін жолдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы С.С. Жұманғаринға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Өңірлік электр желілік компанияларын қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту қағидаларын бекіту туралы» 
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 
2014 жылғы 3 наурыздағы № 49-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қ
азақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрық жобасына 
салыстырма кесте
 

р/н

Тарма қшаның, тармақтың

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздемесі

1.

Қағиданың 6-тармағы

6. Нормативтік санды бекітуге арналған өтінімге:

1) ұсынылатын материалдардың тізбесімен Субъектінің ресми бланкісіндегі ілеспе хат;

2) нормативтік санның есебін негіздейтін материалдар (нормативтік санды анықтауға қажетті есептер, реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетуге байланысты жабдықтың тізбесі және оның сипаттамалары);

3) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша, оның ішінде электронды түрде жасалған филиалдар, өкілдіктер және (немесе) Субъектінің құрылымдық бөлімшелері және персоналдың (өндірістік персоналдың, әкімшілік персоналдың, сондай-ақ шаруашылықтар мен өндірістерде қызмет көрсетумен айналысатын персоналдың) санаттары бойынша өткен жылғы, сондай-ақ ағымдағы кезең және өткен екі жыл бес жыл ішінде қызметкерлердің нормативтік саны және өткен кезеңге бұрын бекітілген нормативтік саны деректерінің жиынтық кестесі;

4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 166-ө бұйрығымен бекітілген Тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдарының еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді бекіту, ауыстыру және қайта қарау ережесінде көзделген тәртіппен бекітілген және келісілген нормативтік сан есептерінің негізінде қабылданатын санның үлгі нормативтері;

5) «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес бекітілген ағымдағы жыл және өткен екі жыл бес жыл ішіндегі (1-т нысаны) еңбек жөніндегі есеп қоса беріледі. Жаңадан құрылған Субъектілер үшін - Субъектінің заңды тұлға ретінде құрылған сәтінен бастап жұмыс кезеңіндегі еңбек жөніндегі есебі.

6. Нормативтік санды бекітуге арналған өтінімге:

1) ұсынылатын материалдардың тізбесімен Субъектінің ресми бланкісіндегі ілеспе хат;

2) нормативтік санның есебін негіздейтін материалдар (нормативтік санды анықтауға қажетті есептер, реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсетуге байланысты жабдықтың тізбесі және оның сипаттамалары);

3) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша, оның ішінде электронды түрде жасалған филиалдар, өкілдіктер және (немесе) Субъектінің құрылымдық бөлімшелері және персоналдың (өндірістік персоналдың, әкімшілік персоналдың, сондай-ақ шаруашылықтар мен өндірістерде қызмет көрсетумен айналысатын персоналдың) санаттары бойынша өткен жылғы, сондай-ақ ағымдағы кезең және өткен бес жыл ішінде қызметкерлердің нормативтік саны және өткен кезеңге бұрын бекітілген нормативтік саны деректерінің жиынтық кестесі;

4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 19 шілдедегі № 166-ө бұйрығымен бекітілген Тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдарының еңбек жөніндегі үлгі нормалар мен нормативтерді бекіту, ауыстыру және қайта қарау ережесінде көзделген тәртіппен бекітілген және келісілген нормативтік сан есептерінің негізінде қабылданатын санның үлгі нормативтері;

5) «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 7) тармақшасына сәйкес бекітілген ағымдағы жыл және өткен бес жыл ішіндегі (1-т нысаны) еңбек жөніндегі есеп қоса беріледі. Жаңадан құрылған Субъектілер үшін - Субъектінің заңды тұлға ретінде құрылған сәтінен бастап жұмыс кезеңіндегі еңбек жөніндегі есебі.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтірілген

2.

Өңірлік электр желілік компанияларды қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту қағидасына қосымша



«Алдағы 2 жылға 5 жылға »

«Алдағы 5 жылға»

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтірілген

«Өңірлік электр желілік компанияларын қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері персоналының нормативтік санын бекіту қағидаларын бекіту туралы» 
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 
2014 жылғы 3 наурыздағы № 49-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы «____» _____________ № ____ -НҚ бұйрығына 
АНЫҚТАМА-НЕГІЗДЕМЕ
 

р / с

Жобада көрсетілуге тиісті мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

Табиғи монополиялар субъектілерінің шекті тарифтер бойынша қызмет көрсету міндетін енгізу себебінен «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес келтіру

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

Жоқ

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздей ме

Жоқ

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Жоқ

8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің интернет- ресурсында жарияланған

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Жоқ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Заң департаментінің директоры С. Метенова  
Полная версия
ИС BestProfi