Близость слов: Окончание:





«Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасы міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 283-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасы міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 283-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабы 2) тармақшасына, 13-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасы міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 283-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9046 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 22.04.2014 ж. № 77 (28301) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекітуге арналған өтінімге:
1) нормативтік техникалық ысыраптардың ұсынылатын деңгейі;
2) шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының ұсынылатын деңгейі;
3) ұсынылған нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының (нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының тиісті есептері) негіздемесі;
4) өзіне мыналарды қамтитын жиынтық кесте:
нормативтік техникалық ысыраптар үшін - нормативтік техникалық ысыраптардың ұсынылатын деңгейі, бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар және ағымдағы жыл мен өтінім берілетін күннің алдыңғы бес жыл ішіндегі ысыраптардың нақты шамалары;
шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормалары үшін - шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының ұсынылатын деңгейі, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының бекітілген техникалық және технологиялық нормалары және ағымдағы кезең мен өтінім берілетін күннің алдыңғы бес жыл ішіндегі шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының нақты шамалары;
5) нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қажеттілігі туралы түсіндірме жазбалар және шамасы мен мерзімдерін көздейтін нормативтен тыс ысыраптарды (болған жағдайда) жою және нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету бойынша іс-шаралар жоспары қоса беріледі.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Субъект нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекітуге арналған өтінімдерді мына кезеңдерге ұсынады:
нормативтік техникалық ысыраптар бойынша - бес жылдан аспайтын;
шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормалары бойынша – бес жылдан аспайтын.
Субъект тарифінің (бағасының, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін бекіткен кезде нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының қолданыс мерзімі инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды іске асыру кезеңіне сүйене отырып айқындалады.»;
Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қағидаларына Қосымшада:
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірмеде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме  
Нормативтік техникалық ысыраптарды бекітуге арналған өтінімге өзіне нормативтік техникалық ысыраптардың ұсынылатын деңгейі, бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар және ағымдағы жыл мен өтінім берілетін күннің алдыңғы бес жыл ішіндегі ысыраптардың нақты шамаларды қамтитын жиынтық кесте қоса беріледі.
1-баған – табиғи монополиялар субъектілерінің ұсынатын ақпараты бойынша қызметтің реттік нөмірі көрсетіледі;  
2-баған – қызметтің атауы көрсетіледі.  
3-баған – жалпы көлем көрсетіледі (суды алу, желіге босату).
4-баған – заттай және пайыздық көріністегі нақты ысыраптар көрсетіледі.
5-баған – бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар заттай және пайыздық көріністе көрсетіледі.
6-баған – нормативтен тыс ысыраптар (нақты ысыраптар - бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар) заттай және пайыздық көріністе көрсетіледі.»
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Стратегиялық жоспарлау, жиынтық талдау және халықаралық ынтымақтастық департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.  
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Әкімшілік жұмысы департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Заң департаментіне ұсынсын;
2) оны Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін;
3) күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге ресми жариялануы үшін қағаз және электрондық жеткізгіштегі көшірмесін жолдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің төрағасы С.С. Жұманғаринға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

_______________ А. Мамытбеков

2014 жылғы «___» ___________





«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму министрі

______________ Ә . Исекешев

2014 жылғы «___» ___________



«КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Энергетика министрі

___________ _____ В. Школьник

2014 жылғы «___» _________ __





«Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасы міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 283-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрық жобасына 
салыстырма кесте
 

№ р/н

Тармақшаның, тармақтың

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздемесі

1.

Қағиданың

5-тармағы

5. Нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекітуге арналған өтінімге:

1) нормативтік техникалық ысыраптардың ұсынылатын деңгейі;

2) шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының ұсынылатын деңгейі;

3) ұсынылған нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының (нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының тиісті есептері) негіздемесі;

4) өзіне мыналарды қамтитын жиынтық кесте:

нормативтік техникалық ысыраптар үшін - нормативтік техникалық ысыраптардың ұсынылатын деңгейі, бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар және ағымдағы жыл мен өтінім берілетін күннің алдыңғы екі жыл бес жыл ішіндегі ысыраптардың нақты шамалары;

шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормалары үшін - шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының ұсынылатын деңгейі, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының бекітілген техникалық және технологиялық нормалары және ағымдағы кезең мен өтінім берілетін күннің алдыңғы екі жыл бес жыл ішіндегі шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының нақты шамалары;

5) нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қажеттілігі туралы түсіндірме жазбалар және шамасы мен мерзімдерін көздейтін нормативтен тыс ысыраптарды (болған жағдайда) жою және нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету бойынша іс-шаралар жоспары қоса беріледі.

5. Нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекітуге арналған өтінімге:

1) нормативтік техникалық ысыраптардың ұсынылатын деңгейі;

2) шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының ұсынылатын деңгейі;

3) ұсынылған нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының (нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының тиісті есептері) негіздемесі;

4) өзіне мыналарды қамтитын жиынтық кесте:

нормативтік техникалық ысыраптар үшін - нормативтік техникалық ысыраптардың ұсынылатын деңгейі, бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар және ағымдағы жыл мен өтінім берілетін күннің алдыңғы бес жыл ішіндегі ысыраптардың нақты шамалары;

шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормалары үшін - шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының ұсынылатын деңгейі, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының бекітілген техникалық және технологиялық нормалары және ағымдағы кезең мен өтінім берілетін күннің алдыңғы бес жыл ішіндегі шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының нақты шамалары;

5) нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қажеттілігі туралы түсіндірме жазбалар және шамасы мен мерзімдерін көздейтін нормативтен тыс ысыраптарды (болған жағдайда) жою және нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету бойынша іс-шаралар жоспары қоса беріледі.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтірілген

2.

Қағиданың

14-тармағы

14. Субъект нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекітуге арналған өтінімдерді мына кезеңдерге ұсынады:

нормативтік техникалық ысыраптар бойынша – үш жылдан бес жылдан аспайтын;

шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормалары бойынша – үш жылдан бес жылдан аспайтын.

Субъект тарифінің (бағасының, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін бекіткен кезде нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының қолданыс мерзімі инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды іске асыру кезеңіне сүйене отырып айқындалады.

14. Субъект нормативтік техникалық ысыраптарды, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекітуге арналған өтінімдерді мына кезеңдерге ұсынады:

нормативтік техникалық ысыраптар бойынша - бес жылдан аспайтын;

шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормалары бойынша – үш жылдан бес жылдан аспайтын.

Субъект тарифінің (бағасының, алым мөлшерлемесінің) шекті деңгейін бекіткен кезде нормативтік техникалық ысыраптардың, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларының қолданыс мерзімі инвестициялық бағдарламаларды және (немесе) инвестициялық жобаларды іске асыру кезеңіне сүйене отырып айқындалады.



«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтірілген

3.

Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қағидаларына қосымша

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

Нормативтік техникалық ысыраптарды бекітуге арналған өтінімге өзіне нормативтік техникалық ысыраптардың ұсынылатын деңгейі, бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар және ағымдағы жыл мен өтінім берілетін күннің алдыңғы екі жыл бес жыл ішіндегі ысыраптардың нақты шамаларды қамтитын жиынтық кесте қоса беріледі.

1-баған – табиғи монополиялар субъектілерінің ұсынатын ақпараты бойынша қызметтің реттік нөмірі көрсетіледі;

2-баған – қызметтің атауы көрсетіледі.

3-баған – жалпы көлем көрсетіледі (суды алу, желіге босату).

4-баған – заттай және пайыздық көріністегі нақты ысыраптар көрсетіледі.

5-баған – бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар заттай және пайыздық көріністе көрсетіледі.

6-баған – нормативтен тыс ысыраптар (нақты ысыраптар - бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар) заттай және пайыздық көріністе көрсетіледі.

2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

Нормативтік техникалық ысыраптарды бекітуге арналған өтінімге өзіне нормативтік техникалық ысыраптардың ұсынылатын деңгейі, бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар және ағымдағы жыл мен өтінім берілетін күннің алдыңғы бес жыл ішіндегі ысыраптардың нақты шамаларды қамтитын жиынтық кесте қоса беріледі.

1-баған – табиғи монополиялар субъектілерінің ұсынатын ақпараты бойынша қызметтің реттік нөмірі көрсетіледі;

2-баған – қызметтің атауы көрсетіледі.

3-баған – жалпы көлем көрсетіледі (суды алу, желіге босату).

4-баған – заттай және пайыздық көріністегі нақты ысыраптар көрсетіледі.

5-баған – бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар заттай және пайыздық көріністе көрсетіледі.

6-баған – нормативтен тыс ысыраптар (нақты ысыраптар - бекітілген нормативтік техникалық ысыраптар) заттай және пайыздық көріністе көрсетіледі.



«Табиғи монополиялар субъектілерінің нормативтік техникалық ысыраптарын, шикізат, материалдар, отын, энергия шығысының техникалық және технологиялық нормаларын бекіту қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасы міндетін атқарушының 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 283-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы ____ ______________ № _____ -НҚ бұйрығына 
АНЫҚТАМА-НЕГІЗДЕМЕ
 

р

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтiк құқықтық актiнi ұсынатын мемлекеттiк орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабы 2) тармақшасына, 13-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)

Табиғи монополиялар субъектілерінің шекті тарифтер бойынша қызмет көрсету міндетін енгізу себебінен «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес келтіру

4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

Жоқ

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме

Көздемейді

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі;

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

8.

Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының, интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау туралы мәлiмет

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің интернет-ресурстарында жарияланды

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсiпкерлердiң аккредиттелген бiрлестiктерiнiң тiзiмiн қамтуы тиiс (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын актiлер үшiн)

Жоқ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Заң департаментінің директоры С. Метенова
Полная версия
ИС BestProfi