«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
«Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы
1. Мыналар:
1) «Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге әкімшілік органның рұқсаттар беруі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін;
2. Биологиялық және су ресурстары департаменті Балық шаруашылығы комитетімен және Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өтуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеге жариялау үшін қағаз және электронды тасығыш арқылы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. «Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 2 қазандағы № 1-3/490 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8065 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылдын 28 желтоқсанында № 284 (28223) жарияланған) 1-тармағы 1) , 2) және 4) тармақшаларының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Н. Нысанбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Н. Қаппаров
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы « » № бұйрығына 1-қосымша
Әкiмшiлiк органның құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенция қолданылатын жануарлар түрлерiн Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге рұқсат беруі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Жалпы ережелер
Полная версия

