Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.01.2021
Сүт және дәстүрлі сусындарды өндіру бойынша қызметтегі кәсіби стандартты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20/57 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы  21 мамырда № 9438 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 4 қантардан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.12.2020 жылғы № 393 Бұйрығына сәйкес 
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі «Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № 406 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Сүт және дәстүрлі сусындарды өндіру бойынша қызметтегі кәсіби стандарт бекітілсін.
  2. Мал шаруашылығы департаменті (Е.Қ. Ахметов), қайта өңдеу және аграрлық азық-түлік нарығы департаменті (А.Б. Құсайынова) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен кәсіби стандартты енгізуге шаралар қабылдасын.
  3. Әлеуметтік саясат басқармасы (С.С. Лепешко) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әлеуметтік саясат басқармасына (С.С. Лепешко) жүктелсін.
  5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілген
 Қазақстан Республикасы
 Еңбек және халықты
 әлеуметтік қорғау министрі
 Т. Дүйсенова  
 2014 жылғы 7 сәуір
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2014 жылғы 21 қаңтардағы
 № 20/57 бұйрығымен бекітілген
Сүт және дәстүрлі сусындарды өндіру қызметіндегі кәсіби стандарт
  1. Сүт және дәстүрлі сусындарды өндіру қызметіндегі кәсіби стандарт (бұдан әрі - КС):
  1) кәсіби білім беру мен еңбек салалары арасындағы қарым-қатынасты реттеуге;
  2) кәсіби қайта даярлау мен біліктілігін көтеру бағдарламаларын әзірлеу талаптарын белгілеуге;
  3) аттестациялау мен сертификаттауда қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау талаптарын белгілеуге;
  4) кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптар әзірлеуге, еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға;
  5) персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге;
  6) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сондай-ақ тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
  7) кәсіби даярлығын бағалаудан өткізу және мамандар біліктіліктерінің сәйкестіктерін растауға арналған.
Полная версия
ИС BestProfi