Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің тексеріс парақтарының нысандарын бекіту туралы» бірлескен бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің тексеріс парақтарының нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабы 38) тармақшасына  ,  «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 15 бабы 1-тармағына  ,  «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17-тармақшасына  ,  «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 17) тармақшасына  және «Магистралдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11-тармақшасына  сәйкес  БҰЙЫРАМЫЗ :
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің тексеріс парақтарының нысандары  бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің заң қызметі департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін ;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде оның мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберуді;
3) бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде «Әділет»
ақпараттық-құқықтық жүйеге жариялау үшін қағаз және электронды тасығыш арқылы бұйрықтың көшірмесін жолдануын;
4) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды молықтыру және пайдалану саласында жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру жөніндегі тексеріс парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2011 жылғы 31 тамыздағы № 232-ө және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 293 бірлескен бұйрығының  (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқыктық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 30 қыркүйекте № 7222 тіркелген, 2011 жылғы 22 қазанда № 508-509 (26901), 2011 жылғы 27 қазанда № 517 (26909) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
2) «Мұнай өнімдерін өндіру саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 147 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 31 тамыздағы № 276 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7179 тіркелген, 2011 жылғы 15 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 497-500 (26892) жарияланған);
3) «Мұнай операцияларын жүргізу саласында жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 150 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 31 тамыздағы № 273 бірлескен бұйрығы (Нормативті-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7178 тіркелген, 2011 жылғы 15 қазанда «Казахстанская правда» газетінде № 330-331 (26721-26722) жарияланған);
4) «Газ және газбен жабдықтау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тексеру парағының үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2012 жылғы 29 ақпандағы № 40 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 15 наурыздағы № 72 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7486 тіркелген, 2012 жылғы 29 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 274-278 (27352) жарияланған);
5) «Қазақстан Республикасының магистралдық құбыр туралы заңнамасын сақтауда жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 30 шілдедегі № 128 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 31 шілдедегі № 235 бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7835 тіркелген, 2012 жылғы 12 қыркүйекте «Казахстанская правда» газетінде № 306-307 (27125-27126) жарияланған);
6) «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрілігі мен Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2013 жылғы 11 шілдедегі № 123 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің м.а. 2013 жылғы 16 шілдедегі № 135/НҚ бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8619 тіркелген, 2013 жылғы 11 қыркүйекте «Егемен Қазақстан» газетінде № 209 (28148) жарияланған);
7) «Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің 2014 жылғы 28 қаңтардағы № 10 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 22-НҚ бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9184 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 26 наурызда жарияланған).
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі Т.А Ахсамбиевке жүктелсін.
Полная версия
ИС BestProfi