Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № 9769 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын қарап, келесіні хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес «Электр энергетикасын дамыту және электр үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеттеріне және қатысудың мемлекеттік үлестеріне иелік ету және оларды пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне беріледі.
Бұл ретте, акциялардың мемлекеттік пакеттеріне (қатысу үлестеріне) иелік ету және оларды пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне берілетін заңды тұлғалар Тізбесі нде (бұдан әрі – Тізбе) «Электр энергетикасын дамыту және электр үнемдеу институты (Қазақэнергиясараптама)» акционерлік қоғамы көрсетілмеген.  
Осыған орай, Тізбені Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес келтіру қажет деп санаймыз.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, нормативтік құқықтық актіні пысықтау барысында ұсынылған ескертулер мен ұсыныстарды ескеруді сұраймыз. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді.
Басқарма мүшесі –Басқарма Төрағасының орынбасары Ж. Ертлесова
Полная версия
ИС BestProfi