Близость слов: Окончание:





«Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 ақпандағы № 101 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № 9774 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 7 ақпандағы № 101 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын қайта қарап, келесіні хабарлаймыз.
1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҰКП) қоғамдық мониторингті жүзеге асырады. Сонымен қатар ҰКП мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауы туралы ақпаратты жинауды, қорытуды және талдауды тұрақты негізде жүргізеді.
Жүргізілген талдау нәтижелері Қазақстан Республикасының Үкіметіне және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберіледі. 
Заңның жоғарыда көрсетілген ережесі шеңберінде ҰКП ең маңызды және өзекті мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қоғамдық мониторингті тұрақты негізде жүргізеді, оның нәтижелері бойынша саланың жүйелі проблемалары және кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілер анықталады. 
Сондай-ақ, Заңның 9-бабына сәйкес ҰКП қаржы ұйымдарының қызметі мен қаржы нарығын мемлекеттік реттеу функцияларын қоспағанда, кәсіпкерлік қызметті реттеудің жекелеген функцияларын бизнес-ортаға кезең-кезеңмен беру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді жүзеге асырады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Іс-шаралар жоспарының 2, 3, 4, 26, 99, 104, 120, 121, 146, 147, 148, 155-тармақтарындағы жауапты орындаушылар бағанына ҰКП-ні (келісім бойынша) қосу қажет. 
   2. 2014 жылдың 2 қыркүйегінде өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет Басшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі 2015 жыл ішінде рұқсаттардың санын 50%-ға қысқартуы тиіс екенін айтты.   
Мемлекет Басшысының тапсырмасын ескере отырып, сондай-ақ белгіленген іс-шараны айқын регламенттеу мақсатында Іс-шаралар жоспарының 1-тармағын мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз: 
«1. Рұқсат беру құжаттарын (50%-дан кем емес) қысқарту және рұқсат беру құжаттарын алу рәсімдерін оңайлату». Орындалу мерзімі «2015 жылғы 4-тоқсанға» өзгертілсін. 
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, қаулы жобасын пысықтау барысында көрсетілген ұсыныстарды ескеруді сұраймыз. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді.
Полная версия
ИС BestProfi