2014 жылғы 22 тамыздағы № 06-25/266 хатқа
«Байқоңыр» кешенінің аумағында радиожиілік спектрін пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1113 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 9843 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Байқоңыр» кешенінің аумағында радиожиілік спектрін пайдалану жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1113 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 1-тармағына және «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1-тармағына сәйкес орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын сараптамалық қорытынды алу үшiн, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, сарапшылық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жiбередi.
Сондықтан жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғамайтын нормативтiк құқықтық актiнің жобасын қарау Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құзыретіне жатпайды.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасының орынбасары З. Ноғайбай
Полная версия