Близость слов: Окончание:





«Су ресурстары комитеті мемлекеттік мекемесінің ережесі» және «Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейіндік инспекцияларының ережесі» жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 10063 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті мемлекеттік мекемесінің ережесінің жобасын және Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейіндік инспекцияларының ережелерінің жобасын қарап келесіні хабарлаймыз.
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағына сәйкес орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын  нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын   сараптамалық қорытынды алу үшiн , оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, сарапшылық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жiбередi.
Ұсынылған жобада құқық нормалары болмағанын, сонымен қатар нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы  болып табылмағанын ескере отырып, сараптама жүргізу мүмкін емес. 
   Агроөнеркәсіптік кешен комитеті Хатшылығының хатшысы М. Уксикбаев   
Полная версия
ИС BestProfi