2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 14-1/270-И хатқа
«Спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстарды азықтандыру нормативтерін бекіту туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 10100 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстарды азықтандыру нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын сараптамалық қорытынды алу үшiн, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, сарапшылық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жiбередi.
Ұсынылған жоба жеке кәсiпкерлiктің мүдделерiн қозғайтын құқық нормаларын қамтымайтынын ескере отырып, сараптама жүргізу мүмкін емес.
Басқарма мүшесі Н. Әлтаев
Полная версия

