Близость слов: Окончание:





«Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына өзгерту мен толықтыру енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 10085 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Ұлттық басқарушы холдинг, Ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 мамырдағы № 787 қаулысына өзгерту мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – Қаулы жобасы) қарап, келесіні хабарлаймыз.
«тиісті авторлардың күрделі құрылыс объектілерінің құрылысын, қайта жаңарту мен күрделі жөндеуін авторлық қадағалау жөніндегі қызмет көрсетулерін сатып алу» 18-тармақтың 60-тармақшасының ұсынылған редакциясы құрылыс жобасын iске асырған кезде авторлық қадағалау қызметтерін бір көзден, сол жоба авторларының өздерінен сатып алуды белгілейді.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 34-бабы 2-1-тармағының 2-тармақшасында жобаны әзірлеуші объектінің құрылысына авторлық қадағалау жүргізуді авторлық қадағалауды жүргізу жөніндегі инжинирингтік қызмет берушіні дербес таңдау үшін тапсырыс берушіге беруге құқығы бар екендігі қарастырылған.
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 34-бабы 2-1-тармағының 2-тармақшасы тапсырыс беруші жоба авторының шешімі бойынша құрылыс жобасының іске асырылуына авторлық қадағалауды жүзеге асыру үшін өзге мамандарды тартуы мүмкін деп көздейді, осындай жағдайларда Тапсырыс берушінің авторлық қадағалауды жүргізу жөніндегі инжинирингтік қызмет берушіні таңдауын бәсекелестік негізде жүзеге асыру қажет деп санаймыз.
Баяндалғанды ескере отырып, Қаулы жобасының 18-тармағының 60-тармақшасын мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз:
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 34-бабы 2-1-тармағының 2-тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, құрылыс жобаның іске асырылуына авторлық қадағалау жөніндегі қызметтерді жобаның тиісті авторларынан және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың әзірлеушілерінен сатып алу, осындай жағдайларда өнім берушіні таңдау Ереженің 11-тармағында көзделген негіздерде жүзеге асырылуы тиіс».
Полная версия
ИС BestProfi