Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 744 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
«2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 744 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
«2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 744 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Әсет Өрентайұлы Исекешевке 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
«2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 744 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
| Р/с № | Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі | Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
| 1 | Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі |
| 2 | Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі | Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 25 мамырдағы №554 Заңымен бекітілген 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімнің 19-бабына сәйкес Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге жеке хаттамалармен ресімделетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Қазіргі уақытта қырғыз операторлары автомобильдерді нөлдік ставкамен сатып ала отырып, өз паркін едәуір толықтырды, қырғыз тарапы үшін тиімді үшінші елдерге/елдерден автомобиль тасымалдарын рұқсатсыз орындау жағдайын пайдалана отырып, қазақстандық көлік қызметтері нарығында өз үлесін едәуір ұлғайтты, бұл отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігіне теріс әсерін тигізді. Осылайша 2005 жылы қырғыз тасымалдаушылары Қазақстанға барлығы 456 рейсті орындаса, 2012 жылы олар 3087 рейсті орындады, 2013 жылы Қазақстанға 3956 рейс орындады, бұл Қазақстанның халықаралық автомобиль тасымалдары саласына кері әсерін тигізді. Осыған байланысты Қырғыз Республикасымен халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге жүктердің үшінші елдерге/елдерден тасымалдарына рұқсат беру жүйесін енгізу бөлігінде өзгерістер енгізу қажет |
| 3 | Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарлар | Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкелмейді. Жобаны қабылдау Қазақстан Республикасының транзиттік-көліктік әлеуетінің және көліктік-логистикалық жүйесінің дамуына жәрдемдесетін болады |
| 4 | Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар | Жобаны іске асыру мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарға әкелмейді |
| 5 | Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі | Мақсат – жүктерді үшінші елдерге/елдерден жүзеге асыруға рұқсат беру жүйесін енгізу, отандық тасымалдаушылардың экономикалық мүдделерін қорғау, Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін іске асыру |
| 6 | Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер | « 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 744 қаулысы |
| 7 | Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі | Жобаны қабылдау қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді талап етпейді |
| 8 | Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері | Талап етілмейді |
| 9 | Өзге де мәліметтер | Жоқ |
| 10 | «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы Үкімет мүшелерінің мобильдік жабдықтарына материалдар (көшірмелер) беру рұқсат етіледі | Рұқсат етіледі |
| 11 | Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат | Жоба Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің www.mtc.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған |
| 12 | Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні) | Баспасөз релизі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің www.mtc.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған |
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі 2014 жылғы «___» __________ Ә. Исекешев
«2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 744 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ
| Р/с № | Құрылымдық элемент | Қолданыстағы редакция | Ұсынылатын редакция | Негіздеме |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| « 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 744 қаулысы | ||||
| 1 | 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын | 2. « Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі Жеңіс Махмудұлы Қасымбекке 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін » | 2. « Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Әсет Өрентайұлы Исекешевке 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін » | «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығының 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі құрылды. |
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев

