Близость слов: Окончание:





«Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперациясы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобалары құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 10125 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын (бұдан әрі - Заң жобасы), сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперациясы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз:
1. Жалпы алғанда Заң жобасының ережелері «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» қолданыстағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін қайталайды, ал Заң жобасының ережелері кооперативтік заңнаманың заңдық нормалары мен принциптеріне негізделуі тиіс. Кооперативтегі «мүшелік» ұғымы серіктестіктегі «қатысушы» ұғымымен шатастырылған;
2. Ауыл шаруашылығы кооперативін құру рәсімі ЖШС немесе ҚЖС құру аналогиясы бойынша жазылған. Ал кез келген нысандағы кооперативтерді құру бірінші ұйымдастырушылық жиналысын өткізу үшін барлық ұйымдастырушылық мәселелерді дайындайтын, кооперативке енуге өз еріктерімен ниет білдірген кооператив мүшелерінің тізімі, кооператив жарғысы және т.б. бекітілетін ұйымдастырушылық комитеті мүшелерінің бастамасымен басталады;  
3. Кооперация үшін төменде көрсетілген ерекше және айрықша ұғымдар келтірілуі тиіс жобаның ұғымдық бөлігі ұмыт қалған:
- кооперативтің қауымдастырылған мүшесі; 
- кооператив мүшелерінің қаражаттық жауапкершілігі;
- кіру жарнасы, міндетті үлестік жарна, қосымша үлестік жарна;
- кооперативтің бөлінбейтін қоры және т.б.
4. «Ауыл шаруашылығы кооперативінің ұғымы туралы» бөлігінде Заң жобасының 2-бабының 1-тармағы өте біржақты және кооперативтік сәйкестіктің халықаралық принциптерінің белгілерінсіз жазылған, оны келесі редакцияда жазуды ұсынамыз:
«Ауыл шаруашылығы кооперативі – кооператив мүшелерінің материалдық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында олардың мүліктік үлестік жарналарын біріктіруге негізделген, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілермен және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты жүргізушілермен біріккен өндірістік немесе басқалай шаруашылық қызмет үшін ерікті мүшелігі негізінде құрылған ұйым.
Ауыл шаруашылығы кооперативі өндірістік кооператив –  ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі  түрінде немесе тұтынушылық кооператив –  ауыл шаруашылығы (қызмет көрсетушілік) тұтынушылық кооперативі  түрінде құрылуы мүмкін»;  
5. Жобаның III-Тарауының кооперативтің жарғылық капиталын қалыптастыру, оны көбейту немесе азайту бөлігіндегі баптарын алып тастауды ұсынамыз.
Осы тарауды басқа редакцияда жазу қажет, себебі кез келген нысандағы кооперативтер оның мүшелерінің үлестік қатысуларында және олардың мүліктік үлестік жарналарын біріктірулерінде құрылады, ал жарғылық капиталды азайту немесе көбейту нәтижесіндегі салдарлар – бұл серіктестіктің немесе АҚ қызметіне тән ерекшелік.  
Айтылғандар негізінде, «Ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы» Қазақстан Республикасы Заңын бекіту кезінде жоғарыда айтылған барлық ұсыныстарды ескере отырып, жобаның ағымдағы редакциясына тиісті өзгерістерді енгізуді сұраймыз. Тиісінше Заңның ілеспе жобасы да пысықтауды талап етеді.
  Агроөндірістік кешен комитеті Хатшылығының Хатшысы М. Уксикбаев   
Полная версия
ИС BestProfi