Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы туристік топтардың трансшекаралық бағдарлармен мемлекеттік шекарадан өтуін және шекарадағы ортақ қолданыстағы жолдарды пайдалануын реттеу тәртібі туралы Келісім» келісім жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 10187 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрлігі
2014 жылғы 10 қыркүйектегі шығыс23-03-18383КИТ хатқа қатысты
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының ИДМ Туризм индустриясы департаменті (бұдан әрі – ҚР ИДМ ТИД) әзірлеген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы туристік топтардың трансшекаралық бағдарлармен мемлекеттік шекарадан өтуін және шекарадағы ортақ қолданыстағы жолдарды пайдалануын реттеу тәртібі туралы келісім жобасын (бұдан әрі – Келісім) қарап, келесіні хабарлаймыз.
Ағымдағы жылдың 29 тамызында ИДМ-ке айтылған ескертулер мен ұсыныстарды Келісім жобасында ескерулерін өтініп, Туристік сала комитеті мүшелерінің Келісім жобасына қатысты ескертулері мен ұсыныстары жұмыс тәртібінде жолданған болатын.
Осыған орай, бірқатар ескертулер ескерілмегенін атап өтеміз және бірқатар қосымша ескертулер мен ұсыныстар енгіземіз.
2-бап елеулі пысықтауды қажет етеді, себебі Келісім мәтінінде тек Тараптардың туристері ғана көрсетілген, шетелдік мемлекеттердің азаматтары болып табылатын туристерді де көрсету қажет. 2-бапты мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз:
«Туристік топ, бағыттаушы Уәкілетті туристік оператор өкілін қоса алғанда, сондай-ақ топтың қозғалысын қамтамасыз ететін көлік құралдарын ескере отырып, құрамына туристік мақсаттарда бір Тараптың мемлекетінің аумағына визасыз сапар жасайтын 5 адамнан кем емес, бірақ 30 адамнан аспайтын туристер тобы, оның ішінде шетелдік мемлекеттердің азаматтары болып табылады».
Осы тармақ Келісімнің түпмәтінінде принциптік маңызға ие, себебі осы бағыттағы туристік ағымның негізін құрайтын үшінші елдердің азаматтарымен, яғни шетелдік туристермен қарым-қатынасты реттейді. Сондай-ақ топқа көлік құралдарын да енгізу маңызды, себебі туристік топтың бағдар бойынша қозғалысын қиындата отырып, көлік құралдарын шекарада ұстаған оқиғалар орын алған кездері болған.
Туристік маусым мамыр айынан басталатынына байланысты, 3-бапта мемлекеттік шекараны кесіп өту орындарын жыл сайын ашу мерзімдерін 1 мамырдан 1 қазанға дейін (1 маусымнан 1 қазанға дейінгі мерзімнің орнына) айқындау ұсынылады.  
Сондай-ақ 3-бапты мынадай мазмұндағы 3 және 4-абзацтармен толықтыру ұсынылады:
«Тараптардың әрқайсысы трансшекаралық бағдарлармен туристік топтар ағымын көбейтуге бағытталған, іргелес аумақтарда халықаралық туризмді өзара тиімді дамыту үшін күш-жігер салады.
Іргелес аумақтарда халықаралық туризмді кең дамыту мақсатында, Тараптардың құзыретті органдары жоғарыда көрсетілген мемлекеттік шекараны кесіп өту орындары арқылы шекараны кесіп өтумен байланысты рәсімдерді жетілдіру және жеңілдету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды».
6-бапты мынадай мазмұндағы 4-абзацпен толықтыру қажет деп санаймыз:
«шетелдік азаматтар үшін – шетелдік мемлекет азаматының төлқұжаты».
Бұл толықтыру шетелдік туристерден талап етілетін құжаттарды реттеу мақсатында қажет.
7-бапта 1-абзацты мынадай редакцияда жазу ұсынылады:
«Туристік топтардың жоғарыда көрсетілген мемлекеттік шекараны кесіп өту орындарында мемлекеттік шекараны кесіп өтулері Мемлекеттік шекараны кесіп өтуге рұқсатпен бірге жарамды жол жүру құжаттары және туристік топтардың тізімі бойынша жүзеге асырылады». Бұл шекараны кесіп өту кезінде Рұқсатты ұсыну қажеттілігінен туындайды.
7-баптың 2-абзацын мынадай редакцияда жазу ұсынылады:
«Мемлекеттік шекараны кесіп өтуге рұқсат туристер топтарына және туроператор-компаниялардың осы топты ертіп жүруші қызметкерлеріне Тараптардың шекара ведомстволарымен беріледі».
Осы алмастырудың принциптік маңызы бар, себебі шекаралық аймаққа кіруге Рұқсат қағаз бен мемлекеттік шекараны кесіп өтуге Рұқсат әртекті құжаттар болып табылады. Шекаралық аймаққа кіру «Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруіне рұқсаттама беру қағидаларын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 734 Қаулысымен реттеледі. Келісім өз кезегінде туристік топтардың мемлекеттік шекараны кесіп өтулерін жеңілдету рәсіміне бағытталған.
Сондай-ақ бұдан әрі мәтін бойынша «Рұқсат қағаз» деген сөзді «Рұқсат» деген сөзбен ауыстыру қажет.
ҚР ҰКП өз кезегінде, өз тарапынан туристік бизнестің мүдделі өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ете отырып, Келісім жобасын пысықтауға көмек көрсетуге дайын.
ҚР ҰКП Басқарма мүшесі Г. Құрбанбаева 
Полная версия
ИС BestProfi