2014 жылғы 12 қыркүйектегі № 20-06-741/И хатқа
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 10164 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының Энегетика министрлігі
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҚР ҰКП) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын (бұдан әрі – Жоба) қайта қарап, келесіні хабарлайды.
1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - ӘҚБтК) енгізілетін өзгерістерге қатысты.
Сонымен қатар, ұсынылған күшейту 2015 жылғы 1 қаңтардан заңды күшіне енетін жаңа ӘҚБтК 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V ҚРЗ 383-бабында көрсетілгенін атап өтеміз.
Осыған байланысты, осы өзгертуді енгізудің қажеті жоқ.
Жобада суды әртүрлі "су беретін жүйелерден" алатын және тиісті талаптарды сақтамайтын қосалқы су пайдаланушылар кәсіпорындары бар екендігіне сілтеме жасап (86-бап), су пайдаланушымен экономиканың барлық салаларында "су объектілері" суды алу көзін шығару жолымен су алу және пайдалану көлемдерiн қысқарту бойынша талаптарды қайта қарау көзделген.
Сонымен қатар, Су кодексінде "су беретін жүйелер" деген ұғым жоқ.
Бұдан басқа, Су кодексінің 69-бабына сәйкес қайталама cу пайдалану бастапқы су пайдаланушыдан, су беру мақсаты және оны пайдаланудың негiзгi талаптары бастапқы су пайдаланушы үшiн белгiленген лимит шегiнде, көрсетiлетілген шарт негiзiнде су алатын жеке және заңды тұлғалардың cу пайдалануы болып табылады.
Сонымен қатар, Су кодексінің осы бабының 4-тармағында бастапқы және қосалқы су пайдаланушы қайталама су пайдалану шартының талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының су заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті деп қарастырылған.
Осыған байланысты, көрсетілген шектеуді алып тастауды ұсынамыз.
Еліміздің акваөсірудің дамуы су қорларына тікелей байланысты болғандықтан, келесі түрдегі өзгерістерді енгізу қажет деп санаймыз:
- 1-бап 61-тармақпен толықтырылсын: тоған - сумен жабдықтау, суару, балықтарды (тоғандық балық шаруашылығы) және суда малтайтын құстарды өсіру, сондай-ақ санитарлық және спорттық қажеттіліктер мақсатында су сақтауға арналған жасанды су айдыны.
- 23-баптың 6-тармағының 2) тармақшасын және 37-баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасы «соның ішінде акваөсіру мақсатында» деген сөздермен толықтырылсын;
- 66-баптың 6-тармағының 1) тармақшасы «балық шаруашылығының суларын қоспағанда» деген сөздермен толықтырылсын;
- 107-баптың 1-тармағы «балық шаруашылығын жүргізу үшін» деген сөздерден кейін «оның ішінде акваөсіру мақсатында» деген сөздермен толықтырылсын.
- 97-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын "Ауыл шаруашылығы алқаптарына егiстiктер, тыңайған жер, көп жылдық екпелер егiлген жер, шабындықтар мен жайылымдар, тоғандар мен басқа жасанды құрылыстар, сондай-ақ акваөсіру мақсатында қолдануға арналған немесе қолданылатын іргелес жер участкілері жатады."
- 105-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "тауарлы балықты өсіру үшін балық шаруашылықтарын, балық питомниктерiн, уылдырық шашу-өсіру шаруашылықтары мен балық өсiретiн зауыттар салу "
"Қалдықтарды басқару иерархиясы" 286-1-баптың соңғы тармағын келесі редакцияда жазуды ұсынамыз: "жағу, сақтау немесе полигондарда көму".
Жоба Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 42-Тарауын «Өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі» жаңа 282-3-бабымен толықтыруды көздейді. Осы бап Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 41-Тарауына қатысты, соған байланысты толықтырылатын баптың нөмірін «283-1» нөмірімен ауыстыруды ұсынамыз.
Осы баптың жобасына сәйкес өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігін (бұдан әрі – ӨКЖ) енгізу ҚР заңнамасында белгіленген нысаналы көрсеткіштер шеңберінде өнім өндірушіні (немесе жеткізушіні, немесе импортшыны) оның тұтыну қасиеттері жоғалғаннан кейін Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – ҚР) нарығында айналымға шығарған өнімінен пайда болған қалдықтарды жинауды, кәдеге жаратуды және/немесе қайта өңдеуді қамтамасыз етуге міндеттейді. Бұдан басқа, тұтыну қасиеттерін жоғалтқаннан кейін кәдеге жаратуға жататын тұтыну қаптамасына қатысты ұсынылған бапта белгіленген жауапкершілік өнімді өндірген кезде сол тұтыну қаптамасы қолданылған өнім өндірушілерге (немесе жеткізушілерге, немесе импортшыларға) жүктелетініне назар аудару қажет.
Осылайша, қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және/немесе қайта өңдеу бойынша шығындар белгілі бір өнім өндіруші және импорттаушы кәсіпорындар үшін едәуір экономикалық тәуекелдерге әкеп соқтыруы мүмкін.
Сонымен бірге, бірінші кезекте, белгілі бір кәсіпорындардың экономикалық мүдделілігіне/мүддесіздігіне қарай баптың осы жобасына ӨКЖ-н енгізу бойынша тиісті есептеулер, талдау мен нақтылаулар ұсынылмаған, мысалы мынадай:
салалар бойынша кәдеге жарату алымының мөлшері;
салалар бойынша тиісті нысаналы көрсеткіштер, сондай-ақ сол салалардағы өнім топтарының тізімі;
құруға болжалды мемлекеттік емес қорлардың жұмыс тетігі;
және тағы басқалар.
Бұдан басқа, бап жобасында жеткізуші/импортшы өндірушімен бірдей міндеттемелерге ие болады деп айтылған, бұл ретте бұл мәселе ҚР-ның интеграциялық бірлестікке кіруі тұрғыдан пысықталмаған. Осыған ұқсас ҚР-нан өнімді экспорттау кезінде кәдеге жарату алымдары қайтіп қайтарылады (қайтарыла ма) деген мәселе ашылмаған.
Сондай-ақ, осы мәселе бойынша жергілікті атқарушы органдар мен тиісті өнім шығаратын өндірушілер (немесе жеткізушілер, немесе импортшылар) арасындағы жауапкершіліктің шектеулері нақты анықталмағанына назар аудару қажет.
Осы түзетудің бастамашылары жұмыс тәртібінде осы жауапкершіліктің үш салада – автокөлік, электр тұрмыстық тауар өндірушілер мен импортшылар және ораушы/азық-түлікші салаларында енгізілуі болжанатынын хабарлады.
ҚР ҰКП келесіні хабарлайды:
Автокөлік өнеркәсібінің өкілдері қажетті есептеулер мен тиісті талдауды өз бетінше өткізіп, ӨКЖ енгізумен тұжырымдамалы түрде келісті. Сонымен бірге олар бұл бапты 2015 жылы енгізуді ұсынады.
Ораушы/азық-түлікші саласы ӨКЖ-н 2018 жылдан бастап енгізуге қарсы емес, бірақ қажетті ақпарат ұсынылған және ӨКЖ кезең-кезеңмен енгізілген жағдайда ғана мәселенің қаралуы мүмкін деп есептейді.
Электр тұрмыстық тауар өндірушілер мен импортшылар, біріншіден, олардың өнімінің қалдықтарынан қайталама шикізат алудағы коммерциялық мүдделеріне негіздеме болмағандықтан 1 , ӨКЖ енгізуіне мүдделі емес. Дегенмен, ӨКЖ енгізілуінің қайтымсыздығын ұға отырып, келекшекте талқылаулар мен ұсыныстарды жасау керек.
Осылайша, ҚР ҰКП ӨКЖ енгізу алдында сала қызметінің толық талдауы, есептеулерді қалыптастыру бойынша қажетті жұмыс көлемі жүргізілуі тиіс деп санайды.
А) осы баптың 1-тармағында "осы бап талаптарының қатысы бар өндірушілердің (немесе жеткізушілер, немесе импортшылар) өнім тізбесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгілейді" деп көрсетілгенін ескере отырып, ҰКП қазіргі кезеңде тек көлік саласын көрсету қажет деп ойлайды, себебі осы бағытта тиісті жұмыс жүргізілген және де осы қағидатты енгізуді көлікті жинау кәсіпорындары қолдайтынын хабарлаймыз.
Б) осы баптың 6-тармағында "өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігін іске асыру тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган белгілейді" деп көрсетілгенін ескере отырып, осы мәселені ӨКЖ-нің енгізілуіне қатысы бар барлық тараптардың қатысуымен бұдан әрі талқылау қажет.
Одан басқа, Жобамен тұтынушыны өнімді қауіпсіз қолдану және оны кәдеге жарату тәсілдері туралы ақпараттандыру бойынша өндірушінің міндеттілігі қарастырылған.
Оған қоса, жоғарыда көрсетілген міндеттер Кеден одағының 2011 жылғы 16 тамыздағы №769 Комиссия шешімімен бекітілген "Буып-түю қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінде, "Техникалық реттеу туралы" ҚР Заңында, "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңында "11-баб. Тұтынушының тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) пайдаланудың, сақтаудың, тасымалдаудың және кәдеге жаратудың белгіленген шарттарына сай оның тұтынушы өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне, қоршаған ортаға қауіпсіз болуына құқығы бар. Тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиісті талаптар міндетті болып табылады және Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.
27-баб. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушыға ықтимал тәуекел туралы және тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) қауіпсіз пайдаланудың шарттары туралы хабарлауға міндетті. Бұл ретте, егер тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) қауіпсіз пайдалану, оны сақтау, тасымалдау немесе кәдеге жарату үшін арнаулы ережелерді сақтау қажет болса, онда дайындаушы (орындаушы) оларды тауарға (жұмысқа, көрсетілетін қызметке) қоса берілген құжаттамада, тұтыну ыдысында, жапсырмаларда немесе тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жекелеген түрлері үшін қабылданған өзге де тәсілмен көрсетуге міндетті." және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік актілерінде қарастырылған.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Заң жобасын пысықтау барысында көрсетілген ұсыныстарды ескеруді сұраймыз. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді.
1 Электр тұрмыстық өнімнің қалдықтары саласындағы коммерциялық қызмет автокөлік өнеркәсібі мен ораушылардан ерекшеленеді, өйткені: электр тұрмыстық өнімнің қалдықтарынан шығарылатын қайталама шикізат осы салада одан әрі өндіруде аз қолданылады, бөлшектердің кейбір құрамдас бөліктерін өткізуден күрделі техникалық және практикалық пайда алу, ал автокөлікті қайта өңдеуден және осының нәтижесінде алынған өнімді өткізуден, немесе қағазды қайта өңдеуден және оны қайталама шикізат ретінде қолданудан алынған пайда неғұрлым анық.
Басқарма мүшесі Р. Ошакбаев
Полная версия

