«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 10-1) және 10-2) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын және кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесін бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын және кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесін бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары;
2) кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімнің тізбесі бекітілсін.
2. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті (Ахметов Е.К.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуге ұсынуды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ауыл шаруашылығы Вице-министрі Г.С. Исаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi және 2014 жылғы 1 ақпаннан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы « » __________
№ _________
бұйрығымен бекітілген
Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялаудың тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Полная версия

