Близость слов: Окончание:





«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 358 Бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 358 Бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1998 жылғы 24 наурыздағы 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
  «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізімінде № 68622 тіркелген, 2013 жылдың 16 қаңтарында № 14-15 (27288-27289) «Казахстанская правда» газетінде жаряланған) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 358 бұйрығына келесідей өзгерістер енгізілсін:   
бұйрықтың преамбуласын келесідей редакцияда жазылсын:
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 14-бабының  3) тармағына сәйкес» БҰЙЫРАМЫН:». 
Осы бұйрықпен бекітілген Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережеде: 
1-тармақ келесідей редакцияда жазылсын. 
Осы Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының  3) тармағына сәйкес әзірленді және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қызмет тәртібін айқындайды. 
4-тармақ келесідей редакцияда жазылсын: 
«Комиссия құрамын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің басшылығы бекітеді» 
5-тармақ келесідей редакцияда жазылсын: 
«Комиссия құрамына энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органның өкілдері, Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің операторының өкілі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі, техникалық реттеу саласынағы уәкілетті органның және Ұлттық палатаның өкілдері кіреді. 
7-тармақ келесідей редакцияда жазылсын: 
«Комиссия жұмысының ұйымдық-техникалық қамтамасыз етілуін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриалдық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті жүзеге асырады». 
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриалдық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті (Ержанов А.Қ.) заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін: 
   осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;   
осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын; 
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын; 
осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 күн ішінде осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақтарындағы іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң депратаментіне ұсынуын. 
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін. 
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары және Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 358 «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы аккредиттеу бойынша комиссияның ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Ивестициялар және даму министрінің 2014 жылғы __ ___________ № ____ бұйрық жобасына анықтама-негіздеме
 

Көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлеке ттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұсынған мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау негізі (мемлекеттік органның құзыреті) нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сілтемемен



«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213 Заңының 43-1 бабының 1 тармағына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы»

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығы ның

2- тармағы 3)- тармақшасына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі ( нақты мақсаттары , дәлелдері және акті неге байланысты қабылданды )

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру және актуалдандыру мақсатында.



4.

О сы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені немесе күші жойылды деп танылғаны туралы ұсыныстарды дайындау туралы мәліметтер

Жоқ

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акті республикалық немесе жергілікті бюджеттің шығыстарының ұлғаюын немесе түсімдерінің қысқаруын қарастыра ма



Қарастырмайды

7.

Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

8.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын интернет ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (тарату) туралы мәліметтер

www.mi d .gov.kz

9.

Сараптамалық қорытындыны ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімі (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

-

«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары және Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 358 «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі саласындағы аккредиттеу бойынша комиссияның ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Ивестиция және даму министрінің бұйрық жобасына салыстырмалы кесте
 

п/п

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылып отырған редакция

Негіздеу

1

2

3

4

5

1.



«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 358 Бұйры ғы

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

1. Қоса беріліп отырған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (А.А. Тұрлубек) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы

аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер

1. Осы Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қызмет тәртібін айқындайды.

2. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президенттің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

3. Комиссияның негізгі міндеті заңды тұлғалардың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы құжаттарын қарастыру болып табылады.

2. Комиссия қызметін ұйымдастыру

4. Комиссия құрамын Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің басшылығы бекітеді.

5. Комиссия құрамына сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органның өкілдері кіреді.

6. Комиссияны төраға басқарады, ол Комиссияның қызметін басқарады, Комиссия мәжілісінде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімінің асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасар орындайды.

7. Комиссия жұмысының ұйымдық-техникалық қамтамасыз етілуін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті жүзеге асырады.

8. Комиссия хатшысы Комиссия мәжілісінің күн тәртібін қалыптастырады, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді және Комиссия мәжілісінің хаттамасын жасайды.

Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.

9. Комиссияның жұмыс мәжілісінің материалдары Комиссия мүшелерінің әрқайсысына мәжілістің болуына кем дегенде бес жұмыс күні қалғанда жеткізіледі.

10. Комиссия мәжілісі айына екі рет жүргізіледі және оған Комиссияның жалпы мүшелер санының кемінде үштен екісі қатысатын болса, заңды болып табылады.

3. Комиссияда материалдарды қарау

11. Комиссия аккредиттеуге ұсынылған құжаттарды қарауды энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органға құжаттар түскен күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

12. Комиссия аккредиттеу туралы куәліктің берілуі немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Комиссия қабылданған шешімдер хаттамамен ресімделеді, оған төрағалық етуші, қатысушы мүшелер және Комиссия хатшысы қол қояды.

13. Комиссия шешімінің қорытындылары бойынша уәкілетті орган заңды тұлғаға аккредиттеу туралы куәлікті береді не аккредиттеуден жазбаша дәлелді бас тартуды сәйкесінше шешімді қабылдаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.

14. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірлері білдірілген жағдайда, олар жазбаша түрде жазылады және Комиссия хаттамасына қоса беріледі.



Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары -Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 358 Бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1998 жылғы 24 наурыздағы 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
  1. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережені бекіту туралы» ( нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізімінде № 68622 тіркелген, 2013 жылдың 16 қаңтарында № 14-15 (27288-27289) «Казахстанская правда» газетінде жаряланған) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 358 бұйрығына келесідей өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың преамбуласын келесідей редакцияда жазылсын:

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 14-бабының 3) тармағына сәйкес» БҰЙЫРАМЫН:». Осы бұйрықпен бекітілген Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ережеде: 1-тармақ келесідей редакцияда жазылсын. Осы Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия туралы ереже «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 3) тармағына сәйкес әзірленді және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қызмет тәртібін айқындайды. 4-тармақ келесідей редакцияда жазылсын: «Комиссия құрамын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің басшылығы бекітеді» 5-тармақ келесідей редакцияда жазылсын: «Комиссия құрамына энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы уәкілетті органның өкілдері, Мемлекеттік энергетикалық тізілімнің операторының өкілі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі, техникалық реттеу саласынағы уәкілетті органның және Ұлттық палатаның өкілдері кіреді. 7-тармақ келесідей редакцияда жазылсын: «Комиссия жұмысының ұйымдық-техникалық қамтамасыз етілуін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриалдық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті жүзеге асырады».
  1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриалдық даму және өнеркәсіп қауіпсіздігі комитеті (Ержанов А.Қ.) заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
  1. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
  2. осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
  3. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;
  4. осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 күн ішінде осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақтарындағы іс-шаралардың орындалуы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң депратаментіне ұсынуын.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.








Министр Ә . Исекешев



«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңына өзгерістер енгізуге байланысты Заңдағы сілтемеге түзетулер енгізу қажет.

«Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығына (бұдан әрі - Жарлық) сәйкес, НҚА атауы мен мазмұнына өзгерістер енгізу қажет

Энергия аудитін немесе энергия үнемдеу және энергия тиімділігі сараптамасын жүргізуге аккредитация алу үшін заңды тұлғалармен берілген құжаттарды қарастыру мен талдау барысында тихникалық реттеу мен метрология және кәсіпкерлік мәселелері көтерілді. Осыған байланысты, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу жөніндегі комиссия құрамына құзіреттеріне жоғарыда көрсетілген мәселелер кіретін мекеме өкілдерін қосуды орынды деп санаймыз.



Полная версия
ИС BestProfi