Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасына озонды бұзатын заттарды әкелу лимиттерін (квоталарын) бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасына озонды бұзатын заттарды әкелу лимиттерін (квоталарын) бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 313 және 316-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 30 қазандағы № 176-I Заңымен қосылған Қазақстан Республикасының Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасы бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған озонды бұзатын заттарды 2014-2015 жылдар кезеңінде тұтыну лимиттері (квоталары) бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың шеңберінде үшінші елдермен саудалауда Кеден одағына мүше мемлекеттерге әкелуге немесе әкетуге тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын Тауарлардың бірыңғай тізбесінің 2.1-бөлімінің С тізімінде көрсетілген озонды бұзатын заттарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге мөлшерлік шектеулер белгіленсін.
3. Климаттың өзгеруі жөніндегі департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:  
осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануына жіберілуін;
осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Озонды бұзатын заттарды 2014 – 2015 жылдар кезеңінде тұтыну лимиттері (квоталары)
 

Жылдар

Квоталар6 (тонна)

С тізімі

2014 жылғы 1 қаңтар

550

2015 жылғы 1 қаңтар

158

* цифрлер озонды бұзатын заттарды жылдар бойынша орташа тұтынуды талдаудан алынған.
Сыртқы сауда қызметінің қатысушылары арасында озонды бұзатын заттардың тұтынуға рұқсат етілген көлемін бөлу сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы 2011 – 2013 жылдары әкелген көлемге парапар жүзеге асырылады (Vi(2011),  Vi(2012),  Vi(2013) ).
Сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысына озонды бұзатын заттардың тұтынуға рұқсат етілген көлемі сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы белгіленген тәртіппен берген өтініште көрсетілген көлемге қарамастан, озонды бұзатын заттарды тұтынуға рұқсат етілген көлемін есептеуге сәйкес есептелген көлемнен (Vi ) аспауы тиіс.
Сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы үшін озонды бұзатын заттарды тұтынуға рұқсат етілген көлемін (Vi ) есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Vжалпы  – мөлшерлік шектеумен белгіленген және 2014 – 2015 жылдары тұтынуға рұқсат етілген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;
ki  – сыртқы сауда қызметінің әрбір қатысушысы үшін мына формула бойынша есептелген коэффициент:
Vi(2011) +Vi(2012) +Vi(2013) ki 
ki  = ––––––––––––––––––––––––––––––,
Vжалпы(2011) +Vжалпы(2012) +Vжалпы(2013) 
Vi(2011)  – сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы 2011 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;
Vi(2012)  – сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы 2012 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;
Vi(2013)  – сыртқы сауда қызметінің і-ші қатысушысы 2013 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;
Vжалпы(2011)  – сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушылары 2011 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;
Vжалпы(2012)  – сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушылары 2012 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна;
Vжалпы(2013)  – сыртқы сауда қызметінің барлық қатысушылары 2013 жылы әкелген озонды бұзатын заттардың көлемі, тонна.
«Қазақстан Республикасына озонды бұзатын заттарды әкелу лимиттерін (квоталарын) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы «_____» _________ № ____ бұйрығына анықтама-негіздеме
№ Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі Мемлекеттік органның ақпараты
1. Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі  
2. Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 313 және 316-баптарын іске асыру мақсатында  
3. Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) Озонды бұзатын заттарды әкелуге лимиттерді (квоталарды) белгілеу
4. Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер «Қазақстан Республикасына озон қабатын бұзатын заттарды тұтыну лимиттерін (квоталарын) бекіту туралы» 2012 жылғы 4 мамырдағы № 131-ө бұйрығымен бекілген
5. Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизиттерін көрсете отырып, заң сараптамасын өткізбей кері қайтарылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер Жоқ  
6. Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме Жоқ
7. Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет Жоқ  
8.   Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтер www.energo.gov.kz сайтында орналастырылды
9. Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) Жоқ  
Заң қызметі департаментінің директоры М. Хайруллин
Полная версия
ИС BestProfi