Близость слов: Окончание:





«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысына және «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысына және «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасында:
«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімде:
  

Бағдарламаны әзірлеуге

және іске асыруға жауапты

мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі



деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
  

Бағдарламаны әзірлеуге

және іске асыруға жауапты

мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

«Қаржыландыру көздері және көлемі» деген кіші бөлімде:
1-тармақтың 2) тармақшасы 10-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жалға берілетін тұрғын үй салу үшін «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның жарғылық капиталын кейін ұлғайту үшін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға – 122 800 млн. теңге, оның ішінде: 2013 жылы – 15 000 млн. теңге, 2014 жылы – 42 014,8 млн. теңге, 2015 жылы – 32 090,7 млн. теңге, 2016 жылы – 33 695,1 млн. теңге;»;  
«Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-бөлімде:
«Бағдарламаның нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген кіші бөлімде:
Полная версия
ИС BestProfi