Близость слов: Окончание:





«Байланыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» стандарт жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Байланыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:  
1) «Почта және курьерлік қызметтің қызмет көрсетулері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0881104, индексі 1-байланыс, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Почта және курьерлік қызметтің қызмет көрсетулері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық  (коды 0881104, индексі 1-байланыс, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Байланыс қызметтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0891104, индексі 2-байланыс, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Байланыс қызметтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0891104, индексі 2-байланыс, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Почталық және курьерлік қызмет және байланыс қызметтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0901101, индексі 3-байланыс, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;
6) «Почталық және курьерлік қызмет және байланыс қызметтері туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0901101, индексі 3-байланыс, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;
7) «Байланыс қызметінің техникалық құралдары және сапасы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0911104, индексі 4-байланыс, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес;
8) «Байланыс қызметінің техникалық құралдары және сапасы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0911104, индексі 4-байланыс, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Мынадай бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
«Байланыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 25 қазандағы №293 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2012 жылғы 10 желтоқсанда № 8160 болып тіркелген, 2013 жылғы 3 тамыздағы №182 (28121), 2013 жылғы 24 тамыздағы №197 (28136) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
«Байланыс статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 25 қазандағы №293 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 3 тамыздағы №187 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің  тізілімінде 2013 жылғы 3 қазанда № 8769 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 мамырдағы №96 (28320) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесі Заң департаментімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіпте:  
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми интернет-ресурсында міндетті жариялануын қамтамасыз етсін.
Полная версия
ИС BestProfi