Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Внимание! Документ утратил силу с 18.04.2015
«Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 912 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1010 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 18 сәуірден бастап ҚР Үкіметінің 03.04.2015 жылғы № 196 Қаулысына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 912 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 62, 854-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларында:
«1) өздерінің сұйытылған мұнай газының жобалық өндіру қуаты жылына бес мың тоннадан аспайтын Қазақстан Республикасының өндірушілеріне;»;
«2) беруші – Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына және (немесе) газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік туралы шартқа сәйкес ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газының ең аз көлемін беру міндеті жүктелген сұйытылған мұнай газын өндіруші немесе оған меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иесі;»;
«18. Беру жоспары мыналарды қамтиды:
1) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілердің, оның меншік иелерінің тізбесі;
2) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемі;
3) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілер, оның меншік иелері сұйытылған мұнай газын өткізуге міндетті газ желісі ұйымдарының тізбесі.
19. Сұйытылған мұнай газын өңірлер арасында бөлуді беруші мен газ желісі ұйымдарының географиялық орналасуына байланысты уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
«19-1. Сұйытылған мұнай газын газ желісі ұйымдарының арасында бөлуді беру жоспарының негізінде беруші жүзеге асырады.»;
«22. Пропанды бөлу уәкілетті орган айқындайтын өңірлер арасында жүзеге асырылады.»;
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1010 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің_________(жылғы)_______(айы) арналған жоспары
Р/с № | Берушінің атауы, орналасқан жері | Өңір | Өңірге беруге арналған сұйытылған мұнай газының көлемі, тонна | Газ желісі ұйымдарының атаулары, орналасқан жері | Әрбір өңірге маркалары мен партиялары бойынша бөлу | Әр партияның жөнелтілген күні | Жөнелткен орны, жеткізу тәсілі | ||
бутан техникалық
| техникалық пропан бутан | техникалық пропан
| |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Полная версия