Близость слов: Окончание:





«Автомобиль және темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау, сауда мақсатында теңізде жүзу және ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 385 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 192 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бірлескен бұйрық жобасының құжаттамасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 10398 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Автомобиль және темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау, сауда мақсатында теңізде жүзу және ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 385 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 192 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығының жобасын қарап, мынаны хабарлаймыз.
Флоттың әрбір түріне қойылатын талаптар әртүрлі болғандықтан, тексеру парағы шағын көлемді және өзен флотымен бірлескен емес, теңіз флоты кемелері үшін жеке болуы тиіс.  
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, жобаны пысықтау барысында көрсетілген ескертулер мен ұсыныстарды ескеруді сұраймыз. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігіне сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді.
Басқарма мүшесі –Басқарма Төрағасының орынбасары Ж. Ертлесова  
Полная версия
ИС BestProfi