Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ережені бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы» 2014 жылғы 14 тамыздағы №933, «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережені бекіту туралы» 2014 жылғы 24 қыркүйектегі №1011 қаулыларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті (Ә. А.Смайылов) заңнамада белгіленген тәртіппен:   
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.  
3. Осы бұйрық Ереженің «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күнінен бастап қолданысқа енгізілетін 14-тармағының 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23) және 24) тармақшаларын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы
№ бұйрығымен
бекітілген
 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесі   
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады.  
Комитеттің негізгі міндеттері мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.  
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, оқшауланған мүлкі, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілері, заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Комитеттің, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттігі болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
Полная версия
ИС BestProfi