Близость слов: Окончание:





«Ақпараттандыру, байланыс саласындағы, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтанба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 10522 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Ақпараттандыру, байланыс саласындағы, электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтанба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» бұйрық жобасын (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) қарап, келесіні хабарлаймыз.
1. Байланыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы бойынша:
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» ҚР Заңының 15-бабының 2-тармағына сәйкес тексеру парағы тексерілетін субъектілер қызметіне қойылатын талаптардың толық тізбесін қамтиды.
«Байланыс саласындағы жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының» 4, 5, 6, 12-тармақтарындағы талаптар тізбесіне Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларының (4-тармақ); Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою қағидаларының (5-тармақ); Телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауының және оларды орталықтан басқарудың бірыңғай қағидаларының (6-тармақ); Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, қорғаныс, қауiпсiздiк және құқық тәртiбiн қорғау органдарының мұқтаждары үшiн жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желiлерiн, бiртұтас телекоммуникациялар желiлерiнiң ресурстарын дайындау мен пайдаланудың ережесiнің (12-тармақ) сақталуы енгізілген.
Тексеру парағының бір тармағында көрсетілген Қағидалардың барлық талаптарын қамту көзделген.
Мысалы, Байланыс қызметтерін көрсету қағидалары, өз кезегінде, үш Қағидадан тұрады: Телефон байланысы қызметтерін көрсету қағидалары, Ұялы байланыс қызметтерін көрсету қағидалары және Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін көрсету қағидалары. Осы Қағидалардағы тармақтардың жалпы саны – 171, талаптар саны 100-ден астам.  
Тексеру парағының бір тармағында Қағидалармен реттелген көптеген талаптарды қамту мүмкін емес деп есептейміз.
Осыған байланысты, тексерілетін субъектілер қызметіне қойылатын талаптардың толық тізбесін көрсетілген Қағидалардың әрқайсысы бойынша осы Тексеру парағының жекелеген тармақтары түрінде шығаруды ұсынамыз.
Осы ұсыныс кәсіпкерлер үшін ыңғайлы болады және Тексеру парағының талаптарын түсінуді жеңілдетеді деп санаймыз.
2. Ақпараттандыру саласындағы жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы бойынша:
4-тармақты алып тастау ұсынылады, себебі мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарына қатысты емес;
8-тармақты мынадай редакцияда жазу ұсынылады: «8) ақпараттық жүйеге қол жеткізуді басқаруды іске асырудың ұйымдастырушылық шараларының бар болуы»;
12-тармақ. Келтірілген тұжырымдама нақтылауды талап етеді. Қандай формалды талаптарды орындау туралы айтылғаны түсініксіз;
14-тармақ. Келтірілген тұжырымдама нақтылауды талап етеді. Әртүрлі түсіндірілетін «қауіпсіздіктің функционалдық құрауыштары» термині түсініксіз;
3. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағы бойынша:
Тақырыпшаны мынадай редакцияда жазуды ұсынамыз: «ЭЦҚ куәландырушы орталықтарына қойылатын талаптар».
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, бұйрық жобасын пысықтау барысында көрсетілген ұсыныстарды ескеруді сұраймыз. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді.
Полная версия
ИС BestProfi