Близость слов: Окончание:





«Туризм статистикасы бойынша жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөнiндегi нұсқаулықтарды бекiту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Туризм статистикасы бойынша жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөнiндегi нұсқаулықтарды бекiту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
«Орналастыру орындарының қызметi туралы есеп» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0951102, индексi 2-туризм, кезеңдiлiгi тоқсандық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
«Орналастыру орындарының қызметi туралы есеп» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөнiндегi нұсқаулық (коды 0951102, индексi 2-туризм, кезеңдiлiгi тоқсандық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
«Үй шаруашылықтарының сапарларға жұмсаған шығыстары туралы зерттеу сауалнамасы» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0962104, индексi Н-050, кезеңдiлiгi жылдық) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
«Үй шаруашылықтарының сапарларға жұмсаған шығыстары туралы зерттеу сауалнамасы» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөнiндегi нұсқаулық  (коды 0962104, индексi Н-050, кезеңдiлiгi жылдық) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;  
«Келушiлердi зерттеу сауалнамасы» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0972103, индексi Н-060, кезеңдiлiгi жылына 2 рет) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;  
«Келушiлердi зерттеу сауалнамасы» жалпымемлекеттiк статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөнiндегi нұсқаулық (коды 0972103, индексi Н-060, кезеңдiлiгi жылына 2 рет) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
«Туризм статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 12 тамыздағы № 186 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 8694 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесі Заң департаментімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіпте:
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркегеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында міндетті жариялауды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесі осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi