«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2) және 7) тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
«Қызмет көрсету статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Қызмет көрсету статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
Мыналар:
1) «Көрсетілген қызметтер көлемі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0621102, индексі 2-қызмет көрсету, кезеңділігі тоқсандық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Көрсетілген қызметтер көлемі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0621102, индексі 2-қызмет көрсету, кезеңділігі тоқсандық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Көрсетілген қызметтер көлемі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0611104, индексі 2-қызмет көрсету, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) «Көрсетілген қызметтер көлемі туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (0611104, индексі 2-қызмет көрсету, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Лизингтік қызмет туралы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 7801104, индексі 1-лизинг, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;
6) «Лизингтік қызмет туралы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 7801104, индексі 1-лизинг, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесі Заң департаментімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіпте:
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркегеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында міндетті жариялауды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесі осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Осы бұйрық ресми жариялауға жатады және 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Ә. Смайылов
Полная версия

