Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.02.2017
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1005 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 17.02.2017 жылғы № 71 Қаулысына сәйкес
Редакция 01.07.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігi туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері – мемлекеттік мекемелері;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік заңды тұлғалар қайта аталсын.
3. «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Республикалық есту қабілетін түзету орталығы», Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Республикалық эксперименттік протездеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі – кәсіпорын) бірігу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.01.2015 жылғы № 18 Қаулысымен (30.12.2014 ж. редакцияны қараңыз)
1) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қызметті жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы болып;
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі кәсіпорынға, сондай-ақ осы қаулының 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 
1) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне» деген бөлімде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 227-12, 227-13, 227-14, 227-15-жолдармен толықтырылсын:
«227-12. «Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚ
227-13. «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмiрдi сақтандыру компаниясы» АҚ
Полная версия
ИС BestProfi