«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
«Өнеркәсіп статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Өнеркәсіп статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
1. Мыналар:
1) «Өндірістік қуаттар теңгерімі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0361104, индексі ҚТ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Өндірістік қуаттар теңгерімі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық
(коды 0361104, индексі ҚТ, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың
2-қосымшасына сәйкес;
3) «Кәсіпорынның өнім (тауар, қызмет) өндіру және жөнелту туралы есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0301104, индексі 1-Ө, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың
3-қосымшасына сәйкес;
4) «Кәсіпорынның өнім (тауар, қызмет) өндіру және жөнелту туралы есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0301104, индексі 1-Ө, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) «Кәсіпорынның өнім (тауар, қызмет) өндіру және жөнелту туралы есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0311102, индексі 1-Ө, кезеңділігі тоқсандық) осы бұйрықтың
5-қосымшасына сәйкес;
6) «Кәсіпорынның өнім (тауар, қызмет) өндіру және жөнелту туралы есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0311102, индексі 1-Ө, кезеңділігі тоқсандық) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;
7) «Кәсіпорынның өнім (тауар, қызмет) өндіру және жөнелту туралы есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0321101, индексі 1-Ө, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес;
8) «Кәсіпорынның өнім (тауар, қызмет) өндіру және жөнелту туралы есебі» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0321101, индексі 1-Ө, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес бекітілсін;
2. «Өнеркәсіп статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2013 жылғы 7 тамыздағы № 177 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8822 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 мамырдағы № 98 (28322) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесі Заң басқармасымен бірлесіп заңнамамен белгіленген тәртіпте:
Полная версия

