«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
«Инвестициялар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Инвестициялар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы
1. Мыналар:
1) «Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны
(коды 0381101, индексі 1-инвест, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың
1-қосымшасына сәйкес;
2) «Негізгі капиталға салынған инвестициялар туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0381101, индексі 1-инвест, кезеңділігі айлық) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) «Инвестициялық қызмет туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны (коды 0371104,
индексі 1-инвест, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес;
4) Инвестициялық қызмет туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанын толтыру жөніндегі нұсқаулық (коды 0371104, индексі 1-инвест, кезеңділігі жылдық) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес бекітілсін;
2. «Құрылыс және инвестициялар статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2013 жылғы 12 тамыздағы № 189 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8809 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырдағы № 104 (28328) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесі Заң департаментімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінде мемлекеттiк тiркегеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жариялауға жіберсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында міндетті жариялауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің тиісті құрылымдық бөлімшесі осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Полная версия

