2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының 9 бабы __-тармағының ___) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
«Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарын бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы «__» __________ № ________ бұйрығымен бекітілген
Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптар
1. Балық қорғау құрылғыларына (бұдан әрі - БҚҚ) қойылатын талаптар:
тиімді балық қорғау;
суды кепілді (үздіксіз) жіберу;
пайдаланудың қол жетімді құралдарында сенімді әсер ету (құрылыстың қарапайымдылығы, автоматтық әрекет).
2. БҚҚ жобалау кезінде тиісті құрылыс нормалары мен қағидаларының талаптары сақталады (бұдан әрі - ҚНжҚ).
3. Су тарту құрылыстары БҚҚ-мен бірге балықтар мен шабақтардың тығыздығы төмен су учаскелерінде орналастырылады. Су тарту құрылыстарын уылдырық шашу аймақтарына, балық қыстайтын шұңқырларға, балық шабақтары шоғырланатын және қарқынды көші-қон учаскелерінде орналастыруға жол берілмейді.
4. Су тарту құрылыстарының БҚҚ тиімділік коэффициенті денесінің ұзындығы 12 мм асатын шабақ үшін 70% кем болмауы керек.
5. Су тарту құрылыстарының БҚҚ тиімділік коэффициенті ҚНжҚ сәйкес анықталады.
6. Пайдаланылып жатқан БҚҚ тиімділігінің жеткіліксіздігін анықтаған жағдайда су пайдаланушымен қайта құру жоспары құрылады, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісіледі.
Қайта құру 3 жыл алдын берілген ғылыми зерттеулердің және ұсыныстардың негізінде жүзеге асырылады.
Қайта құру жоспарында БҚҚ түрі және техникалық сипаттамасы көрсетіледі.
7. БҚҚ өзінің техникалық сипаттамаларына сәйкес келуі қажет және барлық құрылыстық тораптары мен элементтері жұмысқа жарамды жағдайда болуы тиіс.
8. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің келісімісіз БҚҚ бір түрінен екінші түріне ауыстыруға жол берілмейді.
«Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына анықтама-негіздеме
| № | Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі | Мемлекеттік органн ың а қпараты |
| 1. | Нормативтік құқықтық актіні ұсынатын мемлекеттік орган | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
|
| 2. | Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті) | «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының ___) тармақшасына сәйкес |
| 3. | Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды) | «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығы |
| 4. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер | « Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарын бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 398-ө Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 240-Ө бұйрығымен күші жойылды |
| 5. | Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизиттерін көрсете отырып заң сараптамасын өткізбей кері қайтарылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер | Жоқ |
| 6. | Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздейме | Көздемейді |
| 7. | Нормативтік құқықтық актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы мәлімет | Қажет етілмейді |
| 8. | Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса алғанда, жариялау туралы мәліметтерді | Жоқ |
| 9. | Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімін қамтуы тиіс (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін) | ― |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры А. Жеңісов

