Близость слов: Окончание:





«Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларын бекiту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларын бекiту туралы
«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың Интранет-порталында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-миниcтрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму министрінің
 2014 жылғы «___ »______________
 №_______ бұйрығына
Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидалары
1. Міндетті теле-, радиоарналар тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының барлық аумағында көпарналы хабар тарату арқылы таратылатын міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс (бұдан әрі – конкурс) өткізу тәртібін анықтайды.
2. Теле-, радиокомпаниялардың (бұдан әрі – үміткерлер) конкурсқа қатысу өтінімдерін қарауды және міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар енгізуді Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылған Телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады.
3. Конкурсты өткізуді ұйымдастырушы ретінде Комиссияның жұмыс органы болып табылатын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (бұдан әрі – ұйымдастырушы) әрекет етеді.
4. Комиссия ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының уәкілетті орган міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін (бұдан әрі – тізбе) бекітеді.
5. Тізбені қалыптастыру үш жылда бір рет өткізіледі.
6. Конкурсты өткізу туралы шешімді ұйымдастырушы қабылдайды. Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарлама, ол өткізілетін күнге дейін жиырма күнтізбелік күн қалғанда бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің www.mir.gov.kz интернет-ресурсында жарияланады. Конкурс туралы ақпараттық хабарлама мынаны қамтуға тиіс:
1) өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу күні;
2) үміткерлердің өтінімдері салынған конверттерді ашу күні, орны және уақыты.»;
7. Осы Қағидалардың 1-қосымшасында көзделген нысандағы үміткердің өтінімін (бұдан әрі – өтінім) қабылдаудың басталуы және аяқталуы ақпараттық хабарламада көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады. Үміткерлер ұйымдастырушыға өтінімдермен қатар, осы Қағидалардың 2-қосымшасында көзделген конкурстық ұсыныстар (бұдан әрі – құжаттар) ұсынады.
8. Өтінім және қажетті құжаттар нөмірленген беттерімен тігілген түрде, соңғы беті үміткердің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда жеке тұлға үшін) расталып, жапсырылған конвертте ұсынылады.
9. Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін түскен конкурсқа қатысуға өтінімдер және оларға қоса берілетін құжаттар қабылданбайды.
10. Комиссия құжаттар салынған конверттерді үміткерлер мен олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурс өткізу жөніндегі ақпараттық хабарламада көрсетілген орында және мерзімде ашады.
11. Үміткер өтінімі осы Қағидаларда көзделген нысанға, осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, толық емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
12. Ұйымдастырушы өтінімдерді ашқаннан кейін екі жұмыс күн ішінде ашу хаттамасын жасайды.
Конверттерді ашу хаттамасына Комиссия төрағасы, Комиссияның қатысып отырған қатысушылары және Комиссия хатшысы қол қояды.
Конверттерді ашу қорытындысы екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің www.mir.gov.kz интернет-ресурсында жариялануы тиіс.
13. Комиссия өтінімдерді ашқаннан кейін бес күннен асырмай, оларды қарайды.
14. Жеңімпаздарды анықтауда теле-, радиобағдарламалардың әлеуметтік маңызы, хабар тарату торында мәдени, ғылыми-білім беру, танымдық-ағарту, жастар мен балаларға арналған теле-, радиобағдарламалардың болуы, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы саласындағы мемлекеттік саясатты жариялау іріктеу критерийлері болып табылады.
Сондай-ақ тақырыптық бағыттығы және жанрлық арақатынасы, жеке теле-, радиобағдарламалар мен ретрансляция көлемі, мемлекеттік тілде хабар тарату көлемі, орта тәуліктік хабар тарату уақыты, кадрлық әлеуеті іріктеу критерийлері болып табылады.
15. Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілігі дауыс берген жағдайда Үміткерлер конкурс жеңімпаздары болып танылады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
16. Конкурс қорытындысы бойынша Комиссия ұсынымдары Комиссия төрағасы мен мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.
17. Конкурс қорытындысы қол қойылған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www.mir.gov.kz интернет-ресурсында жарияланады.
18. Ұйымдастырушы Комиссия хаттамасының көшірмесін және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің тізбені бекіту туралы бұйрықты конкурс қорытындысы шығарылғаннан соң бір ай ішінде Қазақстан Республикасының әділет министрлігіне жолдайды.
Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру
 бойынша конкурс өткізу қағидаларына
1-қосымша
Қазақстан Республикасында телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы __________________________
Міндетті теле-, радиоарналардың тізбесіне қосылуға өтінім
Заңды тұлғаның/толық атауы/жеке тұлғаның аты-жөні.
3. Телефондардың, факстердің нөмірлері:
бірінші басшының/жеке кәсіпкердің қолы
Міндетті теле-, радиоарналардың
 тізбесін қалыптастыру бойынша конкурс
 өткізу қағидаларына
 2-қосымша
Үміткердің конкурстық ұсыныстары келесі бөлімдерден тұруы керек:
1) теле-, радиоарнаның хабар тарату торын (келесі айға);
2) мынадай мәліметтерді қамтитын ақпаратты:
теле-, радиоарнаның тақырыптық бағыты және олардың жанрлық арақатынасы (ақпараттық, сараптамалық, публицистикалық, жастар және балалар, музыкалық теле-, бағдарламалар және көркем, деректі фильмдер);
хабардың тілдік арақатынасы, мемлекеттік тілдегі теле-, радиобағдарламалардың көрсетілу уақыты;
өз теле-, радиобағдарламалары, сатып алынатын теле-, радиобағдарламалар мен ретрансляцияларының арақатынасы;
сандық түрде шығармашылық, және техникалық қызметкерлердің қадрлық әлеуеті.
1) теле-, радиобағдарламалар өндірісінің стационарлық студиялық жабдықтарының болуы, жағдайы және оның түрлері туралы ақпарат;
2) аппаратуралық-студиялық кешеннің техникалық сипаттамасы;
3) эфирге шығарылатын теле-, радиобағдарламаларының дыбыс және көрсету сапасын жоғары деңгейде беру жөніндегі міндеттеме;
4) студиялық кешеннің орналасқан жері, теле-, радиоарнаны қабылдау-жіберу станцияларына дейін беру тәсілі туралы ақпарат.
Төлем қабілеттілігін растайтын құжаттар:
1) анықтама берілген уақытқа дейін үш айдан астам банк немесе банк филиалы алдында төлем мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы қол қойылған және мөр басылған банк немесе банк филиалы анықтамасының түпнұсқасы;
2) бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға қол қойған соңғы қаржы жылына бухгалтерлік баланстың түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;
3) конкурстық өтінімдері бар конверттер ашылған күннің алдындағы бір айдың ішінде берілген үш айдан астам міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектер мен салық берешегінің жоқ екені туралы не бір теңгеден кем емес міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің және салық берешегінің бар екені туралы тиісті салық органы анықтамасының түпнұсқасы;
4) техникалық қызмет көрсетуге, штатты ұстауға және басқа да капиталдық салымдардың жалпы шығындары бойынша мәлімет.
Үміткердің пікірінше конкурстың мәні бойынша, Комиссияның конкурстық ұсыныстарды неғұрлым әділ бағалауына мүмкіндік беретін кез келген мәліметтерді қамтитын қосымша құжаттарды ұсына алады.
«Мiндеттi теле-, радиоарналардың тiзбесiн қалыптастыру бойынша конкурс өткiзу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығына негіздеме – анықтама
 

Көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

Нормативтік құқықтық актіні ұ сынатын мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

2.

Нормативтік құқықтық актінің тиісті нормасына сүйене отырып, нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігі (мемлекеттік органның құзыреті)

«Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 15) тармақшасына сәйкес

3.

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негізі (нақты мақсаттары, себептері және акт неге байланысты қабылданды)



4.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші жойылды деп танылғаны туралы мәліметтер

Жоқ

5.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 17-тармағының талаптарын ескере отырып, олардың жойылғаны туралы актілердің деректемелерін көрсете отырып, осы мәселе бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

Жоқ

6.

Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің қысқаруын көздей ме

Жоқ

7.

Нормативтік құқ ы қ ты қ актіні м ү дделі мемлекеттік органдармен келісу туралы м ә лімет

Жоқ

8.

Жеке к ә сіпкерлік субъектілеріні ң м ү дделерін қ оз ғ айтын нормативтік құқ ы қ ты қ актілер жобаларыны ң б ұқ аралы қ а қ парат құ ралдарында , интернет - ресурстарды қ оса ал ғ анда , жариялау туралы м ә ліметтер

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің www. mid .gov.kz интернет-ресурсында орналастырылды

9.

Сараптамалық қорытындыларды ұсынбаған кәсіпкерлердің аккредиттелген бірлестіктерінің тізімі (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын актілер үшін)

Жоқ

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментінің директоры А. Әлиақпаров  
Полная версия
ИС BestProfi