Осы Заң халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдық қатынастарды реттейдi.
Внимание! Документ утратил силу с 19.04.2016
Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149-II Заңы
Бүкіл мәтін бойынша "Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган", "Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның" деген сөздер тиiсiнше "Уәкiлеттi орган", "Уәкiлеттi органның" деген сөздермен өзгертілді ҚР 22.10.2005 жылғы № 84 Заңымен (13.04.2005 ж. редакцияны қараңыз) 2017 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын 7-баптың 5-1-тармақшасын, 10-баптың 4-тармағын, 11-бапты қоспағанда, осы Заң күшін жойды 2016 жылғы 19 сәуірден бастап ҚР 06.04.2016 жылғы № 482-V Заңына сәйкес
Редакция 01.01.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 27.06.2011 жылғы № 444-IV Заңымен (19.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтiк жұмыс орны – жұмыс беруші Қазақстан Республикасының нысаналы топтардағы азаматтарын жұмысқа орналастыру үшiн жергiлiктi атқарушы органмен шарт негізінде құратын, жұмыс берушiнiң олардың еңбегiне ақы төлеу шығындары iшiнара өтелетiн жұмыс орны;
2) әлеуметтік келісімшарт – бір жағынан, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының жұмыссыз, өз бетінше жұмыспен айналысушы және табысы аз азаматтары және оралмандар қатарындағы жеке тұлға және екінші жағынан, халықты жұмыспен қамту орталығының арасындағы тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісім;
2-тармақша өзгертілді ҚР 22.10.2005 жылғы № 84 Заңымен (13.04.2005 ж. редакцияны қараңыз) 2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 421-V Заңына сәйкес (23.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2015 жылы № 227 (28705) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес 2-тармақша келесідей редакцияда әрекет етеді: 2) әлеуметтік келісімшарт – отбасының атынан әрекет ететін кәмелетке толған жеке тұлға мен халықты жұмыспен қамту орталығы арасындағы, тараптардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу жөніндегі шараларды көрсету мен алу жөніндегі құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ шартты ақшалай көмек төлеуді айқындайтын келісім;
2-1) әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 421-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.11.2015 жылы № 227 (28705) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) бос орын – жұмыс берушiдегi бос жұмыс орны (лауазым);
4)ұзаққа созылған жұмыссыздық - он екі және одан да көп айға созылған жұмыссыздық
4-тармақша өзгертілді ҚР 22.10.2005 жылғы № 84 Заңымен (13.04.2005 ж. редакцияны қараңыз)
5) еркiн таңдап алынған жұмыспен қамтылу – Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбекке, жұмыс орны мен кәсiптi таңдауға қабiлетiн еркiн пайдалану арқылы өздерi таңдап алған қызметi;
6) жалақыны субсидиялау – халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамалары бойынша жұмысқа орналастырылған қызметкерлердің еңбегіне жұмыс берушінің ақы төлеу шығындарының бір бөлігін өтеу;
7) жастар практикасы – жергілікті атқарушы органдар өңірлік еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып ұйымдастыратын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында іске асыратын еңбек қызметінің түрі;
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР 28.10.2015 жылғы № 369-V Заңына сәйкес 7-тармақша келесідей редакцияда әрекет етеді: 7) жастар практикасы – жергілікті атқарушы органдар өңірлік еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып ұйымдастыратын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында іске асыратын еңбек қызметінің түрі;
8) жеке жұмыспен қамту агенттiгi – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелген, жұмысқа орналастыруда жәрдем көрсететiн жеке немесе заңды тұлға;
9) жұмысқа орналастыру – халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;
10) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – мемлекет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын, өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды мемлекеттік қолдау шаралары;
11)өз бетiнше жұмыспен айналысушылар - өздерiн жұмыспен қамтамасыз еткен еңбекке жарамды адамдар
11-тармақша өзгертілді ҚР 22.10.2005 жылғы № 84 Заңымен (13.04.2005 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия