Близость слов: Окончание:





«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 және «Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органының үлгі регламентін бекіту туралы» 2008 жылғы 26 наурыздағы № 289 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 10592 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
 Инвестициялар және даму министрлігі
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы» 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 және «Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органының үлгі регламентін бекіту туралы» 2008 жылғы 26 наурыздағы № 289 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 1-тармағына және «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1-тармағына сәйкес орталық мемлекеттік, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдар жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын сараптамалық қорытынды алу үшiн, оның ішінде осы жобаны мүдделі мемлекеттік органдармен келесі әрбір келісу кезінде түсіндірме жазбаны міндетті түрде қоса бере отырып, сарапшылық кеңестер арқылы жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жiбередi.
   Сондықтан жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғамайтын нормативтiк құқықтық актiнің жобасын қарау Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құзыретіне жатпайды.   
Полная версия
ИС BestProfi