Близость слов: Окончание:





«Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі паспортының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2003 жылғы 11 тамыздағы № 62-Ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 3 қазандағы № 10767 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
2014 жылғы 29 тамыздағы08-7-13/161-и және 
2014 жылғы 28 шілдедегі 
№ 01-2-13/2366-и хаттарға
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі паспортының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2003 жылғы 11 тамыздағы № 62-Ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрық жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
«Егістік құрамындағы қарашірік (0-20, 0-50 сантиметр қабатында)» кестесі.  
Іс жүзінде топырақты талдау үшін іріктеу 25 см қабаттан жүзеге асырылады, егістік қабатынан басқа егiстiк қабатының астындағы қабаттың жоғарғы бөлiгi есепке алынады.  
Бiрiншi қабаттың мөлшерін 0-25 сантиметрге өзгертуді ұсынамыз.
«В1  қабатындағы топырақтың сортаңдығы, %» кестесі.  
Сортаңдыққа мониторинг жүргізу суармалы жерлер үшін дұрыс.
В1  қабатындағы сортаңдық пайызы суару кезінде елеулі өзгереді. Тұзды түсіру шығынды процесс және оны тәлімі жерлерде жүргізудің қажеті жоқ.  
Осы критерийді суармалы жерлерде қолдануды ұсынамыз.
«Егістік эрозиясының нәтижесінде үстіңгі қарашірік қабаты қалыңдығының өзгеруі» кестесі.
Қарашірік қабаты және Апах  – бірдей емес. Апах  қабатының қалыңдығы тек қана жыртылған жердің тереңдігімен айқындалады, қарашірік қабаты ұғымына үстіңгі А қабаты да, талшын түстес топырақтың В1  және қара топырақтың АВ өтпелі қабатының жоғарғы бөлігі де жатады. Қарашірік қабаты Апах тан жоғары да, төмен де болуы мүмкін, дәл сол өзгереді, ал 22-23 см жыртылған жердің тереңдігі өзгеріссіз қалады.  
Қарашірік қабатын қалыңдығын көрсете отырып ескеруді ұсынамыз.
«Уытты тұздар сомасының құрамы (0-30 см қабатында)» кестесі.  
Мүмкін бұл жерде суда еритін тұздар ескерілген, әдеттегідей тұздардың жалпы сомасы алынады.
Сипаттама 0-30 см қабатына берілген. 30-80 см қабатында  тұздалған сортаң топырақтар көп, оларға арналған бонитет балдарын анықтау үшін төмендететін коэффициенттер әзірленген.  
0-30 см және 30-80 см қабаттарындағы суда еритін тұздардың жалпы сомасын алуды ұсынамыз.
«Азықтық алқаптардың мәдени-техникалық жағдайы» кестесі, топырақ картасы, геоботаникалық карталар.
Топырақ және геоботаникалық карталар 15-20 жыл ішінде шынайылыққа сәйкес болады, одан кейін оларды түзету қажет. Бүгінгі күнге топырақ зерттеу жұмыстары аздап орындалады, ал бүкіл геоботаника 90-шы жылдар басында тоқтатылған.
Геоботаникалық зерттеуді, ең болмаса ірілендірілген түрде, егіндік және шабындық жерлерді бөлу немесе табыстау кезінде өткізуді ұсынамыз.
«Топырақтағы қарашірік пен негізгі құнарландыру элементтерінің құрамы» кестесі.  
Кестенің тәжірибелік құндылығы жоқ. Егер бұл жерде жоғарғы қабат (А қабаты) туралы айтылса, онда «қарашірік» бағаны 9 беттегі кестені қайталайды. Азот, фосфор, калий үшін өлшем бірлігі, әдеттегідей, мг/100 гр болатын. Бұдан басқа, фосфор, калий тұрақты емес, олардың құбылмалы мәні бар және карбонаттық топырақтарға басқа әдістеме қолданылады. Бұл сыбайлас жемқорлық нормаға айналуы мүмкін.  
Паспортты ресімдеу кезінде міндетті болатын осы кестені алып тастауды ұсынамыз.
Баяндалғанды ескере отырып, біздің ескертулеріміз бен ұсыныстарымызды ескеруді сұраймыз.
Полная версия
ИС BestProfi