Симпони> ®
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Төрағасының 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 603 бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық Симпони®
Саудалық атауы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Голимумаб
Дәрілік түрі
Инъекцияға арналған 50 мг/0.5 мл ерітінді алдын ала толтырылған еккіште немесе автоинжекторда
Құрамы
Бір еккіштің немесе автоинжектордың ішінде
белсенді зат - 50 мг голимумаб
қосымша заттар: сорбитол, L-гистидин, полисорбат 80, инъекцияға арналған су.
Сипаттамасы
Түссізден ашық сары түске дейінгі бозаңданатын сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Иммунодепрессанттар.
Ісіктер некрозы альфа факторының тежегіштері (TNF-alfa). Голимумаб.
АТХ коды L04AB06
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы
Голимумабты дені сау адамдарда немесе ревматоидты артриті бар емделушілерде тері астына бір рет енгізгеннен кейін сарысуда ең жоғары концентрацияға жету уақытының (Tmax ) медианасы 2 күннен 6 күнге дейін өзгеріп отырды. Дені сау адамдарға голимумабтың 50 мг дозасымен теріастылық инъекция жасағаннан кейін қан сарысуында 3,1 ± 1,4 мкг/мл-ге тең ең жоғары концентрация (Cmax, орташа мәні ± стандартты ауытқу) байқалды.
Полная версия

