Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегі Орман кодексiнің 65-бабының 1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
«Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасы
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
1. Қоса беріліп отырған Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелуден кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғаламтор-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы ____ ___________ № ____ бұйрығымен бекітілген
Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 65-бабының 1-тармағына және «Әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
2. Орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстар ормандарды өрттерден күзету, оларды зиянкестер мен аурулардан, табиғи, антропогендік және техногендік сипаттағы қолайсыз факторлар әсерінен қорғау жөніндегі іс-шаралардың жалпы кешенінің құрамдас бөлігі болып табылады және орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мен оның аумақтық органдары, орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар ұйымдастырады.
3. Орман қорын күзету мен қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды орман қорын күзету мен қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарды жүргізу саласында маманданған ұйымдар (бұдан әрі – орындаушы) жүзеге асырады.
4. Орындаушы мынадай шарттарға сәйкес келеді:
1) ормандағы авиациялық жұмыстарды өздерінің және жалға алынған әуе кемелерімен (бұдан әрі – ӘК) орындау;
Полная версия

