Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 28.03.2019
Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынды айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 1045 қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 904 Қаулысына сәйкес (25.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 28.03.2019 жылғы № 149 Қаулысына сәйкес
Редакция 29.12.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 904 Қаулысына сәйкес (25.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)
1.«Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – РҚАО) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын болып айқындалсын.
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.07.2016 жылғы № 439 Қаулысымен (30.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.07.2016 жылы № 143 (28872) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 904 Қаулысына сәйкес (25.07.2016 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 1045 қаулысына
Қосымша
Қосымша күшін жойды ҚР Үкіметінің 25.07.2016 жылғы № 439 Қаулысымен (30.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.07.2016 жылы № 143 (28872) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi