Близость слов: Окончание:





«Топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу қағидалары» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
 2014 жылғы
 № бұйрығымен
 бекітілген
Топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу қағидалары
1. Осы Топырақты агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық қызмет көрсету саласындағы «Республикалық агрохимиялық қызмет ғылыми зерттеу орталығы» мемлекеттік мекеменің (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) егістік топырағын агрохимиялық зерттеп қарауды жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер пайдаланылады:  
1) топырақты агрохимиялық зерттеп қарау – топырақтағы өсімдіктерді минералдық қоректендіру элементтері, қарашірік, рН және тұз режимі, микроэлементтер құрамын айқындау;
2) агрохимиялық картограмма – топырақтың өсімдіктер үшін сіңімді қоректік элементтермен қамтамасыз етілу дәрежесін түрлі˗түсті көріністе көрсететін карта;  
3) ) ауыл шаруашылығы алқаптары – ауыл шаруашылығы өнімін алу үшін жүйелі түрде пайдаланылатын жерлер;
4) әсер етуші зат – қоректік элементтің атауы және оның агрохимикаттағы пайызбен көрсетілген құрамы;
5) біріккен сынама – элементарлық учаске шегінде іріктеп алынған жеке (нақтыланған) сынамалардың қоспасы;
6) геоақпараттық жүйе – сандық картографиялық, ұқсас және мәтіндік ақпаратты пайдалана отырып, деректерді жинауға, өңдеуге, талдауға, үлгілеуге және көрсетуге, сондай-ақ ақпараттық және есептік міндеттерді шешуге арналған автоматтандырылған жүйе;
7) жер учаскесі – тұйық шекараларда бөлінген, заңнамада белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілген жер бөлігі;
8) жерді пайдалану жоспары – жерді пайдаланудың кеңістіктегі жағдайы мен мөлшері туралы көрнекі түсінік беретін, жерлердің құрамы мен алқабы туралы ақпаратты қамтитын жерді пайдалануға арналған картографиялық құжат;
9) жиынтық талдау ведомосі – топырақтағы макро- және микроэлементтер құрамына жүргізілген химиялық талдаулар нәтижелерінен тұратын агрохимиялық көрсеткіштердің есептік құжаты;
10) жұмыс учаскесі – рельефтер (суайрық, беткей, беткейдің төмендеуі, жайылма алқап) бойынша белгілі бір орын алатын және жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде ішкі шаруашылықтың жерге орналастыру жоспарында бөлінетін ауыл шаруашылығы жерлерінің жеке өңделетін алқабының бөлігі;
11) жыртылатын қабат – топырақтың жыл сайын немесе дүркін-дүркін барынша тереңдікке жаппай өңделетін қабаты;
12) зерттеп қарауды жүргізу жоспары – әкімшілік аудандар, округтер бойынша жұмыстар жүргізудің кезектілігі;
13) зерттеп қараудың мерзімділігі – агрохимиялық зерттеп қарау турлары арасындағы уақытша кезең;
Полная версия
ИС BestProfi