2014 жылғы 29 тамыздағы № 04-06/538 хатқа
«Көліктік-логистикалық орталықтарды жарақтандыру және техникалық жабдықтау бойынша типтік талаптарды бекіту туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 2 қазандағы № 10667 сараптамалық қорытындысы
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Көліктік-логистикалық орталықтарды жарақтандыру және техникалық жабдықтау бойынша типтік талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасын қарап, мынаны хабарлайды.
1-тармаққа сәйкес КЛО – бұл бір немесе одан да көп көлік түрлерімен бірлескен логистикалық орталық. Бұл ретте бүкіл мәтін бойынша нормативтер тек автокөлік құралдары үшін ғана әзірленген, мысалы: 4-бөлімнің 7, 8-тармақтары; 5-бөлімнің 24, 25, 26-тармақтары; 6,7-бөлімдер және т.б.
Бұдан басқа, «Қойма үй-жайларына, көлік құралдары мен тауарларды кедендік тексеруге (тексеріп қарауға) арналған алаңдарға қойылатын талаптар» 7-бөліміндегі 9-тармақта «сақтандыру компаниялары және банктер немесе олардың филиалдары» деген сөздерден кейін тауарларды кедендік ресімдеу бойынша қызмет көрсететін «кеден өкілдері» деген сөздерді қосуды ұсынамыз.
«Көліктік-экспедициялық қызмет көрсету сапасына қойылатын талаптар» 8-бөлімінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: Заңнамаға сәйкес, КЛО клиенттерге мынадай көліктік-экспедициялық қызметтерді және кедендік бақылау мен тауарларды ресімдеу бойынша қызметтерді көрсетуі мүмкін;
«Көліктік-экспедициялық қызмет көрсетумен байланысты баждарды, алымдар мен басқа да төлемдерді төлеу» 13-тармағы шектелсін және мынадай редакцияда жазылсын: «Кеден заңнамасына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу», көліктік-экспедициялық қызмет көрсетумен байланысты баждарды, алымдар мен басқа да төлемдерді төлеу бойынша тармақ қосылсын.
Заманға сай көліктік-логистикалық орталықтар қызметі 4PL (Fourth Party Logistics) форматында жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға қызмет көрсетумен байланысты мультимодальдық кешендерді білдіретіндігін және жүктерді барлық көлік түрлерімен жеткізуді ұйымдастырумен барлық көліктік-логистикалық бизнес-процестердің бірыңғай логистикалық провайдері ретінде әрекет ететіндігін қосымша хабарлаймыз. Баяндалғанды есепке ала отырып, көліктің барлық түрлеріне арналған КЛО-ға нормативтерді әзірлеуді ұсынамыз.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, жобаны пысықтау барысында көрсетілген ескертулер мен ұсыныстарды ескеруді сұрайды. «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес мемлекеттік орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігіне сараптамалық қорытындымен келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жібереді.
Басқарма мүшесі – Басқарма Төрағасының орынбасары Ж. Ертлесова
Полная версия

