2014 жылғы 11 қыркүйектегі № 03-28/653/И хатқа
«Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2014 жылғы 3 қазандағы № 10749 сараптамалық қорытындысы
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
«Медициналық қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасын (бұдан әрі – Жоба) қарап, келесіні хабарлаймыз.
1) «Денсаулық сақтау субъектiлерiнiң қызметiне тәуелсiз сараптама жүргiзу үшiн жеке тұлғаларға аккредиттеу туралы куәлiк беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жобасының 9-тармағындағы көрсетілетін қызметті алушының Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің кеңсесі арқылы барлық қажетті құжаттарды тапсыруына қатысты төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«тестілеу мен әңгімелесуден өту күні мен уақыты (ол құжаттарды тексеру нәтижесі бойынша тестілеуге және тестілеу нәтижесі бойынша әңгімелесуге жіберілген жағдайда);»
Көрсетілетін қызметті алушыға тестілеу мен әңгімелесуді өткізу күні туралы толық ақпаратты беру мақсатында.
2) «Біліктілік санатын бере отырып, маман сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты жобасының 8-тармағының 1-тармақшасында «біліктілік емтиханы» деген сөздер «тестілеу» деген сөзбен ауыстырылсын.
Сертификат тестілеу мен әңгімелесуден оң нәтижемен өткен кезде берілетініне байланысты.
Басқарма мүшесі Е. Никитинская
Полная версия

