Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.01.2017
"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 10 қазандағы № 465 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2014 жылғы 20 тамыздағы № 357 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 22 қыркүйекте № 9742 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 10 қаңтардан бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 29.11.2016 жылғы № 679 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1.«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 10 қазандағы № 465 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8096 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 ақпандағы № 61 (28000) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ережесінің 16-тармағының 110) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»
2.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті (С.Е. Жолдасбаевқа)
1)осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2)осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіпте жариялануын;
3)осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3.Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4.Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы Е. Иманғалиев
Полная версия
ИС BestProfi