Близость слов: Окончание:





«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қоса беріліп отырған Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидалары бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):
осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму министрінің
 2014 жылғы « »
 № бұйрығымен
 бекітілген
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидалары
Осы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мемлекеттік қызметтерді көрсету құзыретіне кіретін орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыруы және автоматтандыруы тәртібін айқындайды.
Оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесін (бұдан әрі – тізбе), оларды электрондық нысанға ауыстыру мерзімдерін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру мен автоматтандырудың мақсаттары мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету процесін, оның ішінде:
артық әкімшілік рәсімдерді және мемлекеттік органдардың келісуші бөлімшелерінің санын жою;
Полная версия
ИС BestProfi