«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
«Рұқсаттар мен хабарламалардың Мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
Жоба
Рұқсаттар мен хабарламалардың Мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қоса беріліп отырған Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):
осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы « » № бұйрығымен бекітілген
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Жалпы ережелер
Осы Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы
16 мамырдағы (бұдан әрі - Заң), «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы
11 қаңтардағы, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңдарына сәйкес әзірленген және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидалары және оның функционалдық міндеттері тәртібін белгілейді.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Полная версия

